Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет68/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

1.3.7. 
Шағын механикаландыру 
жабдықтары мен құралдары
Жіптік тігістерге арналған жабдықтар
Барлық тігін машиналары автоматты емес және жартылай 
автоматты машиналар болып бөлінеді.
Автоматты емес машиналарда 
жұмыс істеген кезде операция 
міндетті түрде адамның қатысуымен орындалады. Қайықтық 
ілмекөрімнің сызықтық тігімдері орындалатын базалық автоматты 
емес машиналарға 97-А және 1022 кл., «Текстима» бірлестігінің 
(Германия) 8332 кл. және 862 кл. машиналары жатады.
97-А кл. машинасы костюм мен көйлек-ішкөйлек маталарын 
сырып тігуге арналған. Инешаншым ұзындығы 4 мм-ге дейін. 
108


Модификациялары: 
материалды 
ауыстырудың 
сараланған 
механизмі бар 697 кл.; тігімді бойлай ауытқитын инесі бар 597 кл.; 
жіпті қиюға және инені берілген қалыпта тоқтатуға арналған 
құрылғысы бар 9097 және 1597 кл.; жартылай фабрикатты қиятын 
пышақ механизмі бар 297 және 397-М кл.; матаның астыңғы 
қабатын қондыруды орындайтын құрылғысы бар 297 кл.; 
қиықтарды шеттіктейтін құрылғысы бар 897-1 кл. 
10222 кл. машинасында пальто мен костюм маталарын сырып 
тігеді. Инешаншым ұзындығы 1,7...4 мм. Модификациялары: 
әйелдер мен балалар көйлектерінің бөлшек қиықтарын көмкергіші 
бар 1023-3 кл.; көлбеу көмкермелі пальто бөлшектерінің 
қиықтарын көмкергіші бар 1021-4 кл.; инені тоқтату және жіпті қию 
механизмі бар 1022 кл.; әрлегіш тігімдерді орындаған кезде 
инешаншым ұзындығын 5-тен 10 мм-ге дейін өзгертетін құрылғысы 
бар 1822 кл. 
«Текстима» бірлестігінің (Германия) 8332 кл. машинасы міндеті 
бойынша 97-А кл. машинасына сәйкес келеді, көптеген 
модификацияларға ие. 
862 кл. машинасы костюм, пальто және плащ маталарын сырып 
тігу үшін пайдаланылады. Инешаншым ұзындығы 1,3...4,5 мм. 
Тігімді бойлай ауытқитын инемен жабдықталған (қондырмасыз 
тігіс алу үшін). Әртүрлі модификациялары бар, мысалы үстіңгі және 
астыңғы тісті тегістегіштері және ауытқыма инесі бар 2862 кл. 
машинасы тігу процесінде әзер қозғалатын материалдарды сырып 
тігу үшін ұсынылады. 
Бір инелі машиналар тобына 302, 302-1, 3022 кл. машиналары 
жатады. Олар матаның үстіңгі қабатының қондырмасын жасауға 
арналған құрылғылармен жабдықталған және жеңдерді қондырып 
тігу үшін қолданылады. 
241 кл. машинасы қолтық ойындыларын белгілеуге арналған. 
Қайықты ирек ілмекөрімді тігімдерді орындауға арналған 
базалық машиналарға 26 кл. (инешаншым ұзындығы 4,5 мм-ге 
дейін, ирек ені 9 мм-ге дейін); 1026 кл. (инешаншым ұзындығы 3 
мм-ге дейін, ирек ені 6 мм-ге дейін), «Минерва» фирмасының 335 
кл. машиналары (ирек ені 10 мм-ге дейін) жатады. Ирек тігімдер 
бөлшектерді түйіскен тігіспен және жапсырма тігіспен біріктіру, 
сондай-ақ қиықтарды жиектеу үшін пайдаланылады. 
2222 кл. базалық машинасында бір жіпті тізбекті ілмекөрім 
тігімін орындауға болады. Бұл машина уақытша тез тарқайтын 
тігімді жасай отырып, көктеу, бүгіп көктеу және айналдыра көктеу 
жұмыстарын орындауға арналған. Инешаншым ұзындығы 12 мм-ге 
дейін. 
109


Бір жіпті тізбекті ілмекөрім тігімдерін МВ-50 машинасында 
орындалатын тігу жұмысы үшін қолданады. 
1276-6 кл. машинасы өтпелі екі жіпті тізбекті ілмекөрім тігімін 
орындауға, пішіні тұрақты трикотаж матадан жасалған бөлшектерді 
сырып тігуге арналған. Инешаншым ұзындығы 3,2 мм-ге дейін. 
Жасырын бір жіпті тігімдермен сырмалы тігу және қайырып тігу 
операцияларын орындайды. 
Сырмалы тігу жұмыстарын орындау үшін «Паннония» 
фирмасының 
(Венгрия) 
СS-761 
машинасын 
қолданады. 
Инешаншым ұзындығы 4... 8 мм. 
Жеңіл және жұқа матадан жасалған бұйымдарда жасырын 
инешаншымдармен қайырып тігу жұмыстарын орындау үшін 85 кл. 
машинасын қолданады. 
«Легмаш» зауытының 208 кл. машинасы ілмектеп жиектейтін 
біржіпті тізбекті инешаншым тігімдерін орындауға арналған 
базалық машина болып табылады. Ол трикотаж матадан жасалған 
бұйымдарды дайындау үшін қолданылады. 
Тері мен жасанды теріден жасалған бөлшектерді сырып тігу 
үшін тігіс ені 2,5 мм (инешаншым ұзындығы 1...3 мм) біржіпті 
тізбекті инешаншымдағы 10-Б кл. машинасын қолданады. 
Қиықтарды жиектеу және олардың сетінеп кетуіне жол бермеу үшін 
«Текстима» бірлестігінің (Германия) 851 кл. машинасын қолданады. 
«Текстима» бірлестігінің (Германия) 8515/080/229, 851/080/230 
және 851/080/231 кл. машиналары жиектеу тігісінің ені 6,4 және 3,2 
мм үшжіпті сырып тігу-жиектеу тігімдерін орындайды. 
Жиектеу тігімдерін орындау үшін екіжіпті немесе үшжіпті 
инешаншымды 51-А кл. машинасын қолданады (жиектеу ені 3...6 
мм). 
Екі инелі базалық 862 кл. машинасының 14 модификациясы бар. 
Бастырма тігістерді және тігімдер арасындағы арақашықтықтары 
әртүрлі тұйық тігістерді орындау үшін 852 х 5, 852-1 х 10 және 851- 
2 х 7 кл., көмкермені бастыра тігу және жұмсақ белбеулерді өңдеу 
үшін — 852 х 12 кл., ерлер шалбарының үстіңгі қиығын өңдеу үшін 
— 852 х 32 және 852 х 38 кл. машиналары арналған. Шалбар етегіне 
көмкермені бастыра тігу «Минерва» фирмасының 428 кл. 
машинасында жүзеге асырылады. 
408-АМ және 508-М кл. машиналарында ішкөйлек мен костюм 
маталарынан жасалған бұйымдарда сырып тігу-жиектеу тігімдерін 
орындайды. Сырып тігу тізбекті ілмекөрімдік екіжіпті тігіммен, ал 
жиектеу екіжіпті тізбекті ілмектеліп жиектелетін тігіммен жүзеге 
асырылады. 408-АМ кл. машинасында инелердің арасындағы 
арақашықтық 3 мм, 508-М кл машинасында 7 мм (жиектеу ені 4...5 
110


мм). 
Әрлегіш тігістерді орындау және бастырмаларды дайындау үшін 
876 кл. машинасы қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет