Қатты сіңірмесі бар іштік материал — полиамид шайыры не
желатин сіңірілген, алынбайтын аппретпен өңделген, мақта-мата
кездеме (бөз). Трикотаж матадан және ауыр көйлек маталардан
жасалған әйелдер көйлектерінің бөлшектерінде іштік ретінде
қолданылады. Бұл іштік материал химиялық тазартуға төзімді.
Шілтер тәрізді желімдік тоқылмаған материал — жүйесіз
орналасқан термопластикалық талшықтар бір-бірімен бекітілген
талшықты тоқылмаған кенеп. Полиамидтен (жүн матадан жасалған
бұйымдар үшін) және полиэтиленнен (мақта-мата және зығыр
матадан жасалған бұйымдар үшін) аэродинамикалық әдіспен
дайындалады. Бұйым етегі мен жең аузының бүгілісіндегі
қосымшаларды желімдеу үшін қолданылады.
Желімдік жіп — қалыңдығы 0,3...0,5 мм, синтетикалық
термопластикалық полимерлерден; жоғары қысымды полиэтиленнен
– жуылған бұйымдар үшін және полиамид шайырынан алынған –
химиялық тазалаудан өткен бұйымдар үшін дараталшық. Желімдік
жіп бұйым шеттерін (бұйым етегін, жең аузын және т.б.) бекітуге
арналған. Негізгі мата бөлшектерімен желімді қосылыс жуғыш
заттардың сулы ерітіндісінде жууға төзімді және химиялық тазалауға
аса қатты төзімді емес.
Аталмыш материалдардан жасалған іштіктермен дайындалатын
бұйымдардың жоғары сапасына өңдеудің белгілі бір режимдерін
сақтаған жағдайда қол жеткізуге болады.
Желімді матадан жасалған жаға, манжета, қақпақша іштіктерін
осы бөлшектердің тігіс қосымшасынсыз пішіні бойынша немесе
жөрмеу кезінде іштік қиықтары тігім астында 0,1...0,2 см енмен тап
болатындай етіп пішеді. Бөлшек қиықтарын жөрлемес бұрын іштікті
желімді жағын бөлшектің ішкі бөлігінің ішіне қаратып қояды
(астыңғы жағаға, қақпақша астында, белбеу астында, манжета
астында және т.б.) және үтікпен не ылғалсыз баспақта желімдейді.
Бүйір зығыр мата бір жағы желімді полиамид ұнтағымен жабылған
өңделмеген зығыр мата болып есептеледі. Ол ерлер, әйелдер, балала
пальтосы мен костюмдерінде астыңғы жаға, лацкандар, иық
қондырмалары үшін іштік бөлшектерді пішуге арналған.
Капрон талшықты бүйір мата (жасанды талшықты) – бір жағы
желімді полиамид ұнтағымен жабылған, дараталшық түріндегі мақта-
мата негізді және капрон арқаулы мата. Бұл матадан ерлер, әйелдер
пальтосы мен костюмдерінде кеуде тұсында бүйір іштікке қондырма
пішеді.