Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Негізгі бөлшектердің тесік тіліктеріндегі түймеліктер



Pdf көрінісі
бет118/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

2.4.4. 
Негізгі бөлшектердің тесік тіліктеріндегі түймеліктер
 
Бұл түймеліктерді дайындау екі бөлшектің – түймеліктің оң және 
сол жақтарының қиықтарын өңдеуден тұрады. Түймеліктің оң және 
сол жақтарының қиықтары бірдей не әрқалай өңделуі мүмкін. 
Бұйымның 
модельдік 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
түймелік 
қиықтарын кез келген жиек тігісімен, планкамен немесе өңірастымен 
өңдейді.
Бүктеме, шеттіктеу не жөрмеу шеттік тігістерімен өңделген 
тесік түймеліктер

Материалдардың қалыңдығына, қаттылығына, 
сетінеушілік дәрежесіне қарай жабық не ашық жиектелген қиықты 
бүктеме тігісті пайдаланады. Түймелік қиықтарын бүгіп тігер алдында 
түймелік жақтарының әрқайсысының үстіңгі және астыңғы 
бұрыштарын өңдейді. Үстіңгі және астыңғы бұрыштарды алдын ала 
мойын ойындысы мен етек қиықтарының қосымшаларын бүге 
отырып, бүгіп тігеді (2.18-сурет, 
а
). Оларды жөрмелейді (2.18-сурет, 
б


және 
2
-тігімдер), бұл ретте жөрмеу тігістерін бұйымның мойын 
ойындысы мен етегінің сызықтарын бойлай көлденең бағытта 
орналастырады. Қалың материалдардан жасалған бұйымдарда (2.18- 
сурет) түймелік қиықтарын жиектеп торлайды (1-тігім), одан кейін 
оның үстіңгі және астыңғы бұрыштарын жөрмелейді (

және 
3

тігімдер), бұл ретте жөрмеу тігісін торланған жиектерге бұрыш 
астында орналастырады; қосымшаны түймелік шетінің бойымен бүгіп 
тігеді (
4
-тігім). 
Түймелік қиықтарын жиектемемен не екі жабық қиықты көлбеу 
көмкермемен көмкерлейді. Түймелік қиықтарын көмкерлеу 
кезінде, 
189


 
 
әдеттегідей, мойын ойындысының қиығын қатар және кейде 
бұйымның астыңғы қиығын көмкерлейді. 
Түймелік қиықтарын жай және күрделі жиекті жөрмеу 
тігістерімен өңдеуді пішілген әдіп немесе көлбеу көмкерме арқылы 
жүзеге асырады, оларды бөлшектердің ішкі (2.18-сурет, 
г
) немесе 
беткі жағына (2.18-сурет, 
д
) орналастырады. 
Пішілген әдіпті алдын ала қатырмалайды, әдіптің ішкі қиығын 
жиектеп торлайды (2.18-сурет, 
е

1
-тігім). Көлбеу көмкермені 
қатырмаламайды; оның ішкі қиығын ішкі жағына бүгеді де, 
жатқыза үтіктейді. 
Дайындалған әдіппен не көлбеу көмкермемен түймелік қиығын 
жөрмейді (
2
-тігім). Әдіпті бұйымның ішкі жағына айналдырады, 
жөрмеу тігісін түзейді. Егер түймелік жиегі бойынша модельмен 
әрлегіш тігім қарастырылған болса, оны негізгі бөлшектің беткі 
жағының бойымен салады (
3
-тігім). Соңғы кезекте әдіптің не 
көмкерменің ішкі жиегін негізгі бөлшекке сырып тігеді (
4
-тігім). 
Түймелік қиықтарын көбінесе бұйымның мойын ойындысы мен 
190


етегінің қиықтарымен қатар жөрмейді. 
Түймеліктің өңделген жиектерінің астына бұйымның ішкі 
жағынан алмалы-салмалы сыдырма түймелікті салады, оны 
бұйыммен бақылау белгілері бойынша теңестіреді, көктейді және 
түймеліктің әрбір жағын беткі жағынан бір немесе екі тігіммен 
сырып тігеді. Сыдырма ұштары түрілген болуы тиіс. 
Түймемен, ілмекпен, баумен түймелеуге арналған күрмек 
(тұйық) ілгектерді түймелік қиықтарын өңдеген кезде қондырып 
тігеді. Өңделген жиектерге беткі не ішкі жағынан түймелерді, 
ілмектерді тігіп тағады. Пішілген әдіптермен өңделген түймелік 
жиектерінде бау байлауға арналған тесіктерді салады, оларды 
баутесікпен немесе люверспен бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет