Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет137/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Астыңғы 
жағаны 
бұйымның 
мойын 
ойындысына 
қондырып тігу және үстіңгі жағаны өңірастыға қосып тігу

Қалың материалдардан жасалған бұйымдарда (2.23-сурет, 
д

әрлегіш тігімсіз дайын жағаны бұйымның мойын ойындысына 
келесі жолмен қондырып тігеді. Өңірастылардың ойықтарын 
жөрмейді, өңірастын беткі жағына айналдырады, баса үтіктейді. 
Үстіңгі жағаны өңірастылармен бүйір ойығына дейін сырып тігеді 
және тігімдерді үзбестен, астыңғы жағаны бұйымның мойын 
ойындысына қондырып тігеді (
6
-тігім). Жеке тіккен кезде жағаны 
алдын ала қондыра көктеп алады. Алдыңғы бойдың мойын 
ойындысының қосымшасын иық тігістерінің үстінен кертеді, 
ойықтағы қосымшаның артық жерлерін кертпелейді. Тігісті 
алдыңғы бой бөлігінде айыра үтіктейді және артқы бой бөлігінде 
жағаға қарай жатқыза үтіктейді. Жағаны түзейді. Өңірастын 
бүктейді, 
олардың 
қосымшаларын 
алдыңғы 
бойдың 
қосымшаларымен қолмен не сырып тігу машинасымен біріктіреді 
(
7
-тігім). Астыңғы жағаны қондырып тігу тігімін жаба отырып 
үстіңгі жағаның мойын ойындысының қиығын бүктейді және иық 
тігістерінің арасында бұйымның мойын ойындысына сырып тігеді 
(
9
-тігім). Егер модельмен әрлегіш тігім қарастырылса, оны өңірдің 
жиектері мен ойықтары, жағаның ұштары мен қыры бойынша 
салады (
9
-тігім). 
Алмалы жағаларды өңдеу
 
Мұндай жағаларды бұйымның мойын ойындысына қондырып 
тікпейді. Оларды бұйымға ілгек пен түймелердің, батырмалардың, 
баулардың көмегімен бекітеді немесе оларды мүлдем бекітпейді. 
Алмалы жағалар бірқабатты не екіқабатты болуы мүмкін. 
Екіқабатты алмалы жағаларды астармен не онсыз дайындайды. 
Алмалы жағаларды, қондырма жағалар сияқты, ұштары мен қыры 
бойынша өңдейді. Бұл жағаларды дайындау ерекшелігі мойын 
ойындысының қиығын өңдеу және жағаларда жағаны бұйымға 
біріктіруге арналған элементтерді бекіту қажеттілігінен тұрады. 
Бір- және екіқабатты алмалы жағаның мойын ойындысының 
қиығын кез келген шеттік тігіспен өңдейді: жабық қиықты бүктеме; 
екі жабық қиықты ызба не көлбеу көмкерме арқылы шеттіктеу; 
пішілген әдіпті не көлбеу көмкермені пайдалана отырып жай 
212


жиекті жөрмеу тігісімен өңдейді. Сонымен қатар екіқабатты 
жағаның мойын ойындысының қиығын астыңғы жағамен 
жөрмейді. Мұндай өңдеуді келесі тәртіппен жүзеге асырады. 
Үстіңгі жағаны астыңғы беткі жағын ішіне қаратып қояды, 
қиықтарын сәйкестендіреді және мойын ойындысының қиығы 
бойынша ұзындығы 30...40 мм айналдыруға арналған саңылау 
қалдырып, барлық жақтарынан жөрмейді. Жөрмеу қосымшаларын 
бұрыштарда кеседі, тігістердің қисық сызықты бөліктерінде 
кертеді. Қалдырылған саңылау арқылы жағаны беткі жағына 
айналдырады, бұрыштар мен тігістерді түзейді және үстіңгі 
жағадан көмкерме жасай отырып, астыңғы жаға жақтан баса 
үтіктейді. Мойын ойындысының жиегі бойынша айналдыру үшін 
қалдырылған саңылауды қиықтарды ішке қарай бүгіп, жиек 
бойымен машинада бүгіп тігеді немесе қолмен жасырын 
инешаншымдармен 
тігеді. 
Мойын 
ойындысының 
қиығын 
жөрмемей-ақ, арнайы машинада жиектеп торлауға болады. 
Мойын ойындысының қиығы бойлық бағытта пішілген ені 
дайын күйде 15...20 мм планканың астарымен тұтас пішілген 
планкамен өңделуі мүмкін. Әуелі планканың бүйір қосымшаларын 
ішкі жағына жатқыза үтіктейді. Одан кейін жағаның мойын 
ойындысының қиығына планканың астарын қосып тігеді, бұл ретте 
оны жағаның ішкі жағына өң бетімен қаратып қояды. Тігіс ені 5...7 
мм. Планканы бөлшекті ішкі жағын ішке қаратып қойып бүктейді. 
Планканың бойлық қосымшасын ішке қарай бүктейді және 
планканы бұйымның мойын ойындысына ені 1...2 мм тігіспен 
сырып тігеді, бұл ретте планканың астарын қосып тігу тігісін 
жабады. Сонымен қатар, планканың бүйір шеттерін бүгіп тігеді. 
Егер алмалы жағаны бұйымға ілгектер мен түймелердің 
көмегімен бекітсе, онда ілгектерді көбінесе жағада дайындайды, ал 
түймелерді бұйымға тігіп тағады. Алмалы жағаларда ілгектер 
күрмек (тұйық) немесе тілікті жиектемелі болады. 
Күрмек ілгектерді көлбеу көмкермеден дайындайды немесе 
дайын бауды пайдаланады. Ілгектерді түйменің диаметріне сәйкес 
қажетті ұзындықта кеседі. Кесілген ілгектерді салынған белгінің 
бойымен бірқабатты жағаның ішкі жағына немесе астыңғы 
жағаның беткі жағына ілгек қиықтары мойын ойындысының 
қиықтарымен сәйкес келетіндей етіп қояды. Мұндай қалыпта 
ілгектерді мойын ойындысы қиығының бойымен 3,5...5 мм 
арақашықтықта салынатын кері машина тігімімен бекітеді. Одан 
кейін мойын ойындысының қиығын жоғарыда аталған тігістердің 
бірімен өңдейді. 
Кесілген ілгектерді дайын екіқабатты жағаларда айналдыра 
көктейді, бұл ретте ілгектерді мойын ойындысының шеті бойынша 
213


жиектен 7...10 мм арақашықтықта орналастырады. Ілгектер қосып 
тігілетін планкада бойлық бағытта айналдыра көктелуі мүмкін. 
Батырмаларды дайын жағаға инемен материалдың кем дегенде 
екі қабатын шалып қамтып, ішкі жағына тағып тігеді. 
Баулар дайын жағаға жабық қиықты бастырма тігіспен немесе 
бүктемелі тігіспен қосып тігілуі мүмкін; екіқабатты жағаларда 
үстіңгі жағаны астыңғы жағамен жөрмеу кезінде қондырып тігілуі 
мүмкін; мойын ойындысының қиығы шеттіктелген жиектеменің не 
көлбеу көмкерменің ұштарындағы қалдықтардан дайындалуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет