Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Қондырма жағаларды бұйыммен біріктіру



Pdf көрінісі
бет133/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қондырма жағаларды бұйыммен біріктіру
 
Қондырма жағаларды бұйыммен біріктіру тәсілдері әртүрлі 
болады. Оларды таңдау модельге және бұйымды тігу үшін 
пайдаланылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты. 
Бірқабатты жағаларды бұйыммен біріктіру
. Оны мынадай 
тігістермен: пішілген әдіпті қолданып, қайым тігіспен; екі жабық 
қиықты жиектеменің немесе көлбеу көмкерменің көмегіен 
көмкермелі тігіспен; сейсеп тігіспен орындайды: 
Әдіпті пайдалана отырып, бірқабатты жағаны қайым тігіспен 
біріктіру кезінде, мойын ойындысын пішілген әдіппен өңдеген 
кездегі сияқты, әуелі әдіпті дайындап алады (2.6.1-бөлімше). 
Өңделген бірқабатты жағаны ішкі жағын түймеліксіз бұйымның 
беткі жағына қарата отырып салады, мойын ойындысының 
қиықтары мен жағаның және бұйымның бақылау кертпелерін 
сәйкестендіреді. Жағаны мойын ойындысына айналдыра көктейді. 
Жағаның беткі жағына дайындалған әдіпті беткі жағын қаратып 
салады, оның торланбаған қиығын мойын ойындысы мен жағаның 
қиықтарымен теңестіреді, кертпелерді сәйкестендіріп, көктейді. 
Мойын мен әдіпті бұйымның мойын ойындысына ені 7...10 мм 
тігіспен қондырып тігеді (2.22-сурет, 
3
-тігім). Жөрмеу тігісінің 
қосымшаларын тігістің қисық сызықты бөліктерінде кертеді, одан 
кейін оларды әдіпке ені 1...3 мм тігіспен сырып тігеді (
4
-тігім). 
Әдіпті бұйымның ішкі жағына бүгеді де, баса үтіктейді, одан кейін 
оны иық тігістерінің қосымшаларында қолмен немесе машина 
инешаншымдарымен бекітеді. 
Пішілген әдіптің орныа біріктіру үшін жиектемені не көлбеу 
көмкермені пайдалануға болады. 
Қалың жұмсақ материалдарды өңдеу кезінде жағаны жиектелген 
қиықты бастырма тігіспен қондырып тігеді. Жағаны ішкі жағын 
бұйымның 
беткі 
жағына 
қаратып 
қояды, 
кертпелерді 
сәйкестендіріп, жаға мен бұйымның мойын 
ойындысының қиықтарын теңестіреді және 
бұйымның мойын ойындысына ені 10 мм 
тігіспен сырып тігеді. Тігіс қосымшаларын 
жиектеп торлайды және негізгі бөлшекке мойын 
ойындысы сызығының бойымен сырып тігеді. 
Сырып тігу тігісінің ені 7 мм. Мұндай жағаны 
мойын ойындысына қон- 
2.22
-сурет. 
Бірқабатты 
жағаларды 
бұйыммен 
біріктіру 
208


дырып тігуге және сырып тігу-жиектеу машинасында бір рет 
жиектеп торлауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет