Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Өңірастымен тұтас пішілген, астыңғы жағасы қиылатын



Pdf көрінісі
бет140/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Өңірастымен тұтас пішілген, астыңғы жағасы қиылатын 
жаға
. Оны өңдеуді мынадай реттілікпен жүргізеді (2.24-сурет, 
г
). 
Өңірастылардың ішкі жән иық қиықтарын жиектеп торлайды (1- 
тігім). Үстіңгі жағаның ортаңғы қиықтарын сырып тігіп, айыра 
үтіктейді (
2
-тігім). Алдыңғы бой мен артқы бойдың иық қиықтарын 
сырып тігеді (
3
-тігім). Сырып тігу тігістерінің қосымшаларын 
жиектеп торлайды (
4
-тігім) және айыра үтіктейді. Одан кейін 
астыңғы жағаның беткі жағын бұйымның беткі жағынан қояды, 
мойын ойындысының қиықтарын сәйкестендіреді және бұйымның 
мойын ойындысына ені 10 мм тігіспен қондырып тігеді (
5
-тігім). 
Астыңғы жағаны қондырып тігу тігісінің қосымшаларын алдыңғы 
бой бөлігінде айыра үтіктейді, ал артқы бой бөлігінде астыңғы 
жағаға қарай жатқыза үтіктейді. Қондырып тігу тігісінің 
қосымшаларын қажет болған жағдайда кертеді, қосымшаның артық 
жерлерін керітпелейді. Одан әрі «жаға-өңір» түйінін өңдеуді 
жоғарыда баяндалған тәртіппен аяқтайды. 
2.6.3. 
Мойын ойындысын капюшонмен өңдеу
 
Капюшон деп бұйымның басты жауып тұратын бөлігін айтады. 
Капюшондар әртүрлі пішінді, өлшемді, алмалы, алынбайтын, 
бірқабатты және екіқабатты болады. 
Капюшонды өңдеу мынадай операциялардан тұрады: бөліктерді 
біріктіру, бүкпелерді сырып тігу, беткі қиықты өңдеу, капюшон 
алмасы болса, мойын ойындысының қиығын өңдеу. Алынбайтын 
капюшонды бұйымның мойын ойындысына қондырып тігеді. 
Капюшонның бөліктерін біріктіру тігісімен сырып тігеді, оның 
түрін модельге және материал қасиеттеріне байланысты таңдайды. 
Біріктіру тігістерінің қиықтарын жиектеп торлайды немесе 
шеттіктейді. Екіқабатты капюшондарда, материал қиықтарының 
сетінеушілігі кішкене болса, қиықтар өңделмеуі мүмкін. 
Капюшонның бүкпелерін сырып тігеді және шүйде бөлігіне қарай 
жатқыза үтіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет