шаларын кертеді, өңірасты мен әдіпті беткі жағына айналдырады,
бүйір бұрыштары мен қондырып тігу тігісін түзейді де, баса
үтіктейді. Әдіпті иық тігістерінің қосымшаларында қолмен не
машина тігімімен бекітеді (8-тігім).
Пішілген әдіптің орнына ызба не көлбеу көмкерме
пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда жағаны астыңғы жағасын
бұйымға қаратып, ал өңірастыларды үстіңгі жағаға беткі жағымен
қойғаннан кейін, олардың үстіне ызбаны немесе көлбеу көмкермені
беткі жағын төмен қаратып орналастырады. Жағаны мойын
ойындысына ызбаны не көлбеу көмкермені қосып тігумен қатар
қондырып тігеді. Қондырып тігу тігімін бір бүйір жиегінен бастап
екінші бүйір жиегіне дейін салады. Өңірлерді беткі жағына
айналдырады, бұрыштары мен қондырып тігу тігісін түзейді. Одан
кейін ызбаны не көлбеу көмкермені бұйымға сырып тігеді. Сырып
тігу тігісінің ені 1...2 мм. Егер модедьмен қарастырылса, осы
тігіммен алдыңғы бойға өңірастының ішкі жиегін сырып тігуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: