Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Астыңғы жағасы алдыңғы боймен, үстіңгі жағасы



Pdf көрінісі
бет139/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Астыңғы жағасы алдыңғы боймен, үстіңгі жағасы 
өңірастымен тұтас пішілген жаға
. Бұл жағаны өңдеуді жаға 
бөлшектерін қатырмалаудан бастайды (2.24-сурет, 
в
). Қатты 
пішінді жағалада өңірастын үстіңгі жағамен бірге қатырмалайды. 
Егер жаға жұмсақ болса, онда өңірастын лацканның бүгілу 
сызығына дейін ғана қатырмалайды. Астыңғы жаға алдыңғы бойда 
лацканның бүгілу сызығынан бастап қатырмалануы мүмкін. Жаға 
216


астарсыз болуы мүмкін. Өңірастының ішкі қиығын жиектеп 
торлайды (1-тігім). Өңірастында ішкі қиықтан басқа иық қиығында 
да жиектеп торлау қажет. 
Өңірастымен тұтас пішілген үстіңгі жағаны, жайған кезде 
материал үнемдеу үшін, сондай-ақ бөлшектің бүйір қиықтары 
арқаужіп бағытында орналасуы үшін, жағаның ортаңғы тігісімен 
пішеді. Сондықтан өңірастымен тұтас пішілген үстіңгі жағаны 
ортасынан ені 5...7 мм тігіспен сырып тігеді, бұл ретте бөлшектің 
беткі жағын ішіне қаратып қояды (
2
-тігім). Сырып тігу тігісінің 
қосымшаларын айыра үтіктейді. 
Астыңғы жағамен тұтас пішілген алдыңғы бойды бетік жағымен 
қояды, астыңғы жағаның ортаңғы қиықтарын сәйкестендіріп, олады 
сырып тігеді (
3
-тігім). Тігіс ені 5...7 мм. Тігіс қосымшаларын айыра 
үтіктейді. 
Алдыңғы бой мен артқы бойды беткі жағын ішке қаратып 
қояды, иық қиықтарын сәйкестендіреді және оларды ені 10 мм 
тігіспен сырып тігеді (
4
-тігім). Тігімді қолтық ойындысынан бастап 
алдыңғы бой жақтан салады. Тігім ұштарын бекітеді. Алдыңғы 
бойда иық тігісінің қосымшасын бөлшек бұрыштарында тгімнің 
ұшына қарай кертеді. Алдыңғы бойдың мойын ойындысының және 
астыңғы жағаның қиықтарын сәйкестендіреді. Астыңғы жағаны 
артқы бойдың мойын ойындысына ені 10 мм тігіспен қондырып 
тігеді (
5
-тігім). Тігімді астыңғы жаға жақтан салады. Иық 
тігістерінің қосымшаларын жиектеп торлайды (
6
-тігім) және айыра 
үтіктейді, астыңғы жағаны артқы бойдың мойын ойындысына 
қондырып тігу тігісінің қосымшаларын жағаға қарай жатқыза 
үтіктейді. 
Бұйымды өңірастымен беткі жақтарын ішке қаратып қояды, 
бүйір қиықтары мен үстіңгі және астыңғы жағалардың қырларын 
сәйкестендіреді. Өңір мен астыңғы жағаны өңірастылармен және 
үстіңгі жағамен ені 5...7 м тігіспен жөрмейді (
7
-тігім). Тігімді 
бұйым жақтан салады. Жөрмеу тігістерінің қосымшаларын бүйір 
бөлігінде өңірастыларға (
8
-тігім), жаға бөлігінде астыңғы жағаға 
сырып тігеді (
9
-тігім). Жаға мен өңірді беткі жағына айналдырады, 
түзейді және жаға бөлігінде үстіңгі жағадан көмкерме және бүйір 
бөлігінде алдыңғы бойдан көмкерме жасай отырып, баса үтіктейді. 
Егер моделі бойынша өңір мен жаға шеттерінің бойымен әрлегіш 
тігім қарастырылса, онда оны жаға бөлігінде үстіңгі жаға жақтан 
және бүйір бөлігінде алдыңғы бой жақтан салады. Жөрмеу тігісінің 
қосымшаларын мұндай жағдай сырып тікпейді. 
Үстіңгі жаға қосымшасын мойын ойындысы сызығының 
бойымен иық тігістерінде 7...8 мм-ге кертеді, оны ішке қарай бүгіп, 
астыңғы жағаны қондырып тігу тігімін жаба отырып иық 
217


тігістерінің арасында сырып тігеді (
10
-тігім). Сырып тігу тігісінің 
ені 1...3 мм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет