Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет143/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

220
2.7.


 
 
2.25
-сурет. Бұйымның мойын мен қолтық ойындысын бір әдіппен өңдеу
Егер моделі бойынша бұйым иығының сызығы қысқа болса, 
қолтық 
ойындысының 
қиықтарын 
мойын 
ойындысының 
қиықтарымен бірге иінішке ұқсас пішілген әдіппен өңдейді (2.25- 
сурет). Алдыңғы бой әдібін және артқы бой әдібін негізгі 
материалдан пішеді. Мойын мен қолтық ойындысының қиықтары 
бойынша әдіптер негізгі бөлшектерден 3...5 мм-ге жіңішкерек. 
Әдіптерді қатырмалайды, әдіптердің астыңғы қиықтарын жиектеп 
торлайды (
1
-тігім) немесе бүгіп тігеді. Әдіптердің иық қиықтарын 
сырып тігеді және айыра үтіктейді (
2
-тігім). Мойын мен қолтық 
ойындысын өңдеген кезге дейін бұйымда сырып тігілген және 
айыра үтіктелген иық қиықтары болуы тиіс. Бұйымның бүйір 
қиықтары біріктірілмеген күйде қалады. Әдіпті беткі жағымен 
негізгі бөлшектің беткі жағына жапсырады, иық қиықтарын 
теңестіреді және негізгі бөлшектің мойын ойындысының қиықтары 
мен әдіптерді сәйкестендіреді. Бұйымның мойын ойындысының 
қиықтарын жөрмейді (
3
-тігім). Қисық сызықты бөліктерде жөрмеу 
тігісінің қосымшаларын кертеді және әдіпке ені 1...3 мм тігіспен 
сырып тігеді (
4
-тігім). Одан кейін бұйымы беткі жағына 
айналдырып, түзейді. Иық қиықтары мен қолтық ойындысының 
қиықтарын сәйкестендіре отырып, қолтық ойындысының бөлігінде 
әдіптің беткі жағын және бұйымның беткі жағын қабаттайды. 
Бұйымды қолтық ойындысы сызығының бойымен бір рет жөрмейді 
(
5
-тігім). Егер иық тігісінің ұзындығы 35 мм-ден аз болса, қолтық 
ойындысын екі рет жөрмейді, әр жолы тігімді иық тігісінен 
бастайды. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын кертеді және әдіпке 
сырып тігеді (
6
-тігім). Бұйымды беткі жағына айналдырады, 
түзейді және ішкі жағынан баса үтіктейді. Алдыңғы бой мен артқы 
221


бойдың әдіптерін бүйір қиықтарының бөлігінде айналдырып, беткі 
жақтарымен 
қабаттайды. 
Әдіптердің 
бүйір 
қиықтарын 
сәйкестендіреді, алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарын, 
сондай-ақ әдіптерді алдыңғы бой мен артқы бойға қосып тігу 
тігістерін сәйкестендіреді. Одан кейін бұйымның алдыңғы бой мен 
артқы бой әдіптерінің бүйір қиықтарын және бұйым қиықтарын бір 
мезетте сырып тігеді (
7
-тігім). Соңында бұйымның бүйір 
қиықтарын жиектеп торлап, айыра үтіктейді, сонымен бірге 
әдіптердің бүйір қиықтарын айыра үтіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет