Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет142/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Алмалы капюшонда 
әуелі мойын ойындысының қиығын, одан 
кейін беткі қиықты өңдейді. Алмалы капюшонның мойын 
219


ойындысының қиығын өңдеуді екі жабық қиықты ызбаны не 
көлбеу көмкермені пайдалана отырып шеттік тігіспен орындауға 
болады. Шеттіктер алдында капюшонның ішкі жағына күрмек 
ілгектерді жапсырады, ілгек пен мойын ойындысының қиықтарын 
сәйкестендіреді және оларды ені 3...5 мм кері тігіммен қосып тігеді. 
Мойын ойындысының қиығын жөрмеу тігісімен жөрмеу үшін 
пішілген әдіпті не көлбеу көмкермені пайдаланады. Егер пішілген 
әдіптермен капюшонның беткі қиығы мен мойын ойындысын 
өңдесе, онда бұл әдіптерді әуелі ені 5...7 мм қайым тігіспен айыра 
үтіктеп біріктіреді, одан кейін капюшон қиықтарын бір рет 
жөрмейді. Жөрмелген капюшонда мойын ойындысының бойымен 
оның жиегінен 7...10 мм арақашықтықта ілгектер шалып тігеді. 
Ілгектер мойын ойындысына көлденең бағытта да шалып тігілуі 
мүмкін. Мұндай ілгектердің астыңғы ұшын мойын ойындысының 
жиегінен 5...7 мм арақашықтықта орналастырады, ал үстіңгі ұшы 
әдіптің ішкі жиегін сырып тігу тігісінен шығып кетпеуі тиіс. 
Бұйымның мойын ойындысында ілгектердің орналасқан жеріне 
сәйкес түймелер тағады. 
Алынбайтын капюшонды 
бұйымның мойын ойындысына, 
қондырма жаға сияқты, модель мен материал қасиеттеріне 
байланысты тігістердің бірін: қиықтарды жиектейтін қайым; 
қиықтарды жиектейтін бастырма; бүктемелі; қосарлы; бұйымның 
ішкі не беткі жағында орналасқан шеттік; пішілген әдіпті көлбеу 
көмкермені пайдаланатын жөрмеу тігісін пайдалана отырып 
қондырып тігеді. 
БҰЙЫМНЫҢ ҚОЛТЫҚ ОЙЫНДЫСЫН ӨҢДЕУ
 
 
2.7.1. 
Жеңсіз бұйымның қолтық ойындысын өңдеу
 
Жеңсіз бұйымдарда қолтық ойындысын бұйымның бүйір 
қиықтарын сырып тіккенге дейін немесе одан кейін өңдейді. Бұл 
ретте мойын ойындысын өңдеген кездегі сияқты шеттік тігістерді 
қолданады: жабық не ашық жиектелген қиықты бүктеме тігіс; 
жабық екі қиығы бар ызбалы не көлбеу көмкермелі шеттіктеу тігісі; 
көлбеу көмкермені не пішілген әдіпті қолдана отырып жай жиекті 
жөрмеу тігісі. Қолтық ойындысын бүктеме немесе шеттіктеу 
тігісімен бұйымның бүйір қиықтарын біріктіргенге дейін өңдейді. 
Қолтық ойындылар пішілген әдіппен жөрмеуді бұйымның бүйір 
қиықтарын біріктіргеннен және жиектеп торлағаннан кейін 
орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет