2.7.2. Жеңдерді өңдеу Жең конструкциясы, пішіні, ұзындығы, әрлегіш элементтері
бойынша алуан түрлілігімен ерекшеленеді, алайда оларды өңдеуді
бір схема бойынша жүргізеді:
■
бастапқы өңдеу;
■
бөліктерді біріктіру;
■
жең аузын өңдеу.
Жеңдерді бастапқы өңдеуді басқа негізгі бөлшектер сияқты
орындайды. Жеңдерде орналасқан бүкпелер, тіліктер, ендірмелер,
бүрмелер, қатпарлар мен буфтарды басқа негізгі бөлшектерді
өңдеген сияқты өңдейді. Егер моделі бойынша жеңдерде қалталар
қарастырылса, оларды әдеттегідей жасайды. Ұсақ бөлшектерді –
белдікшелер мен паталарды – жеңге салынған белгіге сәйкес сырып
тігеді.
Жең бөліктерін, басқа бөлшектердің бөліктері сияқты, модель
мен пайдаланылатын материалдардың қасиеттеріне байланысты
сол не басқа біріктіру тігістерімен біріктіреді. Біртігісті жеңде
біріктіру тігісін орындаған кезде тігімді алдыңғы аударылым
жақтан салады. Екітігісті жеңде әуелі жеңнің үстіңгі бөлігі жақтан
алдыңғы қиықтарды, одан кейін жеңнің астыңғы бөлігі жақтан
шынтақ қиықтарын сырып тігеді. Екітігісті жең қиықтарын сырып
тігу тәртібі модельге байланысты өзгеруі мүмкін. Біртігісті жең
қиықтарын және екітігісті жеңнің шынтақ қиықтарын біріктірген
кезде астыңғы бөлшектің қиықтарын шынтақ тұсындағы
кертпелердің арасына қондыруды орындайды. Жеке тіккен кезде
жең бөліктерін біріктіруді алдын ала көктеп жүргізеді. Жең
бөліктерін сырып тігу тігістерінің қиықтарын жиектеп торлайды,
шеттіктейді немесе бүгіп тігеді.
Өнеркәсіптік өндірісте жең бөліктерін сырып тігу үшін сырып
тігу-жиектеу машиналарын пайдаланады. Сырып тігу сызығының
бойымен жеңнің беткі жағына әрлегіш тігімді арнайы құрылғыны
222
пайдалану арқылы салады.
Жең бөліктерін біріктіргеннен кейін келесі өңдеудің алдында
жең аузы тұйық пішінді немесе жалпақ, тігістердің бірі бойынша
тұйықталмаған болуы мүмкін.