Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


БАРҚЫТТАН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТҮКТІ



Pdf көрінісі
бет201/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

БАРҚЫТТАН ЖӘНЕ БАСҚА ДА ТҮКТІ 
МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН
БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Мұндай материалдардың негізгі ерекшеліктеріне мүлдем 
мыжуға болмайтын түктің болуы және олардың салыстырмалы 
түрде үлкен қалыңдығы жатады. Түкті жабынның жоғары 
мыжылғыштығы ЫЖӨ-ді қолдану мүмкіндігін қиындатады. 
Сондықтан 
бұйымның 
конструкциясында 
бөлшектер 
мен 
тігістердің барынша аз санын жобалайды, бүкпелерді бедерлермен, 
316


иініштемен, қиық бойынша қондырманы жұмсақ қатпарлармен 
алмастырады. Қалта, түймелік түйіндерінің конструкцияларында 
бөлшек қабаттарының барынша аз санын көздейді. Жаға, қақпақша, 
жапырақша, қалта астарын астарлы матадан пішеді. 
Бұл материалдардан жасалған бұйымдарды ЫЖӨ үшін инелі 
бетті арнайы үтіктегіш жастықша қажет, ол түкті мыжылудан 
сақтайды. Үтіктегіш беттердің қысымы барынша аз болуы тиіс. 
ЫЖӨ-ден кейін бұйымды ілулі күйде ұстау қажет. 
Бөлшектерді біріктіруді айыра үтіктеп, қайым тігіспен жүргізеді. 
Вельветке ұқсас материалдардан жасалған бұйымдарда бөлшек 
қиықтарын уақытша торлай отырып, тұйық, бүктемелі немесе 
қайым тігістермен біріктіруге болады. 
Бөлшектерді жеке тіккен кезде екі параллель тігіммен көктейді. 
Сырып тігуді екі көктеу тігімдерінің арасына машина тігімін сала 
отырып орындайды. Бұл түктің мыжылуына байланысты 
бөлшектердің 
бір-біріне 
қатысты 
жылжуын 
болдырмауға 
көмектеседі. 
Бұйымдардағы тігістерді алдын ала жатқыза үтіктеместен 
бөлшектердің беткі жағы бойынша бастырып тігеді. Әрлегіш 
тігімдерін де алдын ала баса үтіктеместен салады. 
Біріктірілетін бөлшектердің қиықтары жиектеп торлануы немесе 
бір ашық қиықты жіңішке ызбамен не көлбеу көмкермемен 
шеттіктелуі мүмкін. Шеттерді өңдеу үшін ашық жиектік не шеттік 
қиықты бүктеме тігістерді пайдаланады. 
Түктің жойылмайтын мыжықтарының себебінен салынған 
машина тігімдерін сөкпей қойған дұрыс. 
Бөлшектерді әрлеу үшін буфтарды, қатпарларды, күлтелерді 
пайдаланады. Таспамен, ызбамен, баумен, аппликациямен, 
көмкермемен және жиектемемен әрлеуді қолданады. Түкті 
материалдардан 
жасалған 
бұйымдарда жұқа 
желбіршектер 
жасамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет