Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет40/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

53


 
 
1.27
-сурет. Сырмалы тігім: 
а 
— сыртқы түрі; 
б 
— қолданылу 
мысалы 
1.28
-сурет. Қайырма тігім: 
а 
— сыртқы түрі; 
б 
— қолданылу 
мысалы 
Қиғаш инешаншымдардың с ы р м а л ы т і г і м д е р і н (1.27- 
сурет) сырт киімді өңдеу кезінде бұйымның жекелеген бөліктеріне 
(лацкан, жаға және т.б.) беріктік пен иілгіштік беру үшін негізгі 
бөлшектерді іштік бөлшектермен біріктіру үшін қолданылады. 
Сырмалы тігімдер қиғаш инешаншымдардың бастырып көктелетін 
тігімдерінің бір түрі болып табылады және олардан айырмашылығы 
– бөлшектің өңделетін бөлігін өз сыртына перпендикуляр етіп сол 
қолмен ілініп тұрған күйде ұстайды, ал тігімдерді үстінен астына 
қарай және астынан үстіне қарай салады. Бұл ретте біріктірілетін 
бөлшектердің үстіңгісін толық тесіп салады, ал астыңғысын 
қалыңдығының жартысына дейін салады, яғни матаның бір-екі 
жібін қамтиды. 
Бұл тігімдерді орындау кезінде сол қолдың сұқ саусағы астыңғы 
бөлшек тесігінің тереңдігін бақылайды. Инешаншым жіптері беткі 
жағынан ғана көрінеді. Астыңғы бөлшек жағынан тесік көрінбеуі 
тиіс, ол үшін жіпті қатты қысып байлау қажет. 
Тігімдерді параллель қатарлармен орналастырады. Үстіңгі 
бөлшекті ақырын қондырады. Тігімдерді негізгі материалдың түсіне 
сәйкес № 40...80 жіптермен төсеме бөлшектер жағынан орындайды. 
Инешаншым ұзындығы және тігімдер арасындағы арақашықтық 
0,5...1 см, ені операцияға қарай 0,3...0,5 болуы тиіс. Кей жағдайда, 
мысалы талшықты іштікті сыру кезінде, сырма тігімдер тура болуы 
54


мүмкін. 
Қиғаш инешаншымдардың қ а й ы р м а т і г і м д е р і м е н (1.28- 
сурет) өңірлерді өңдеу кезінде жиектер қайырып тігіледі, сондай-ақ 
сырт киім дайындау кезінде сетінемейтін матадан пішілген 
бұйымдарда бөлшектің бүктелген жиектерін ашық қиықпен 
бекітеді, мысалы, жең ұшының қиықтарын төсемеге, өңірастының 
ішкі шеттерін іштікке бекіту және т.б. жұқа сетінегіш матадан 
жасалған бұйымдарда көйлек тобындағы киімді дайындау кезінде 
қайырма тігімдерді бөлшектердің бүктелген жиектерін жабық 
қиықпен бекіту үшін қолданады. 
Қайырма тігімдерді орындау үшін инені матаға бүктелген қиық 
тұсынан кіргізеді, бұл ретте негізгі бөлшекті шамамен мата 
қалыңдығының жартысына дейін теседі, ал бүктелген қиықты бүкіл 
қалыңдығымен теседі. Келесі инешаншым кезінде инені қайтадан 
матаның астыңғы қабатына бүктемедегі бірінші тесіктің деңгейінде 
немесе одан 0,2... 0,3 см солға қарай кіргізеді. Жіптерді қатты 
байламау қажет. Инешаншым жиілігі 1 см-де 2... 4. Ине тескен 
жерден қайырып тігілетін бөлшектің қиығына дейінгі арақашықтық 
ашық қиықпен бүктелген жиектерде 0,2... 0,3 см және жабық 
қиықпен бүктелген қиықтарда 0,1 см дейін. Инешаншым ұзындығы 
0,3...0,5 см. Егер бір бөлшектің ашық қиықтары екіншісіне 
бекітілсе, мысалы, өңірастының ішкі шеттері өңір іштікке немесе 
үстіңгі жағаның бүктелген шеттері астыңғы жағаға бекітілсе, үлкен 
беріктік үшін ине тесігінен қиыққа дейінгі арақашықтықты 0,3...0,4 
см дейін үлкейтеді. Инешаншым ұзындығы өңірастының ішкі 
шеттерін бекіту кезінде 0,7...1 см, жаға шеттерін бекіту кезінде 
0,4...0,5 см. 
Мақта-мата үшін № 20...40 мақта-мата жіптерін, жүн және жібек 
маталар үшін № 18, 33, 35 және 65 жібек жіптерін қолданады. 
Қиғаш инешаншымдардың т о р л а м а т і г і м д е р і н (1.29- 
сурет, 
а...в
) кездейсоқ тілінген немесе бөлінген жерлерде тығыз 
сетінегіш мата бұйымдарының бөлшектерін білдіртпей біріктіру 
үшін қолданады. Бөлшектерді беткі жақтарын ішке қаратып, 
суреттерін 
сәйкестендіре 
отырып, 
қиықтарын 
түйістіріп 
орналастырады, инені матаға қиықтан 0,2 см арақашықтықта 
кіргізеді және оның тесіктерін бойымен кіргізіп, қарсы жағынан 
шығарады. Инешаншымдар қиықтарды берік біріктіру қажет, бірақ 
беткі жағынан көрінбеуі тиіс. Ішкі жақтың тігісі үтіктейді, ал 
инемен беткі жағынан ақырын түкті көтереді. Инешаншым жиілігі 1 
см-де 5...7. 
Жібек жіптермен тігімдерді матаның түсіне сәйкес 0,1...0,2 см 
инешаншымдар арасында арақашықтықпен орындайды. 
Ж а т ы қ і л м е к т е у л і т і г і м д е р (1.29-сурет,
г
) бөлшекті 
55


тесу не біріктіру тігісін барынша білінбейтіндей етіп жасау қажет 
болған жағдайда қолданылады. Бұйым бөлшегін ішке қарай тігіс 
1.29
-сурет. Бөлшектерді білдіртпей бекітуге арналған тігімдер
сызығының бойымен беткі жақтан бүгеді. 
Инені матаға тігіс сызығына шағын бұрыш астында әуелі бір 
жағынан, одан кейін екінші жағынан, матаның қалыңдығының 
жартысына дейін тесе отырып кіргізеді де, жіпті қысып байлайды. 
Түкті иненің ұшымен көтереді, оның нәтижесінде тігіс беткі 
жақтан болар-болмас білінеді. Инешаншымдарды оңнан солға қарай 
бір-бірінен 0,1...0,2 см арақашықтықпен салады. Жатық ілмектеулі 
тігімдер үшін түсі мата түсіне сәйкес келетін жіңішке жібек 
жіптерді пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет