1.33
-сурет. Айыра көктейтін тігімдер :
а
— сыртқы түрі;
б
— қолданылу мысалы
Екі бөлшекті беткі жақтарын ішке қаратып қабаттайды, қиылған
шеттерін
теңестіріп, белгіленген сызықтың бойымен инені үстінен
астына қарай кіргізеді де, тура инешаншымнан көктейтін тігімдер
орындаған кездегі сияқты, беткі жағынан шығарады. Бірақ одан
кейін инені тесіктің бірінші нүктесіне
қайтадан кіргізіп, бетіне
шығарады, бұл ретте адым ұзындығы үстіңгі жағына қарағанда,
астыңғы жағынан екі есе үлкен болуы тиіс. Бірнеше рет қайталау
нәтижесінде инешаншымдарды бір-біріне тығыз жапсыратын тізбек
жасалады. Инешаншым жиілігі 1 см-де 3...5. Инешаншымдарды
мақта-мата жіптермен орындайды.
Ілгек тәрізді инешаншымдардың б е л г і л е й т і н т і г і м д е р і н
(1.33-сурет) жеке тапсырыспен дайындалатын
ерлер мен әйелдер
киімінде бұйым астарын қолтық ойындысымен (қондырма тігіспен)
орнықты біріктіру үшін қолданады.
Белгілейтін тігімдер құрылымы жағынан қайып тігілген
тігімдерге ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы белгілейтін
тігімдерді орындау кезінде инені кезекті рет матаға екі алдыңғы
тесіктің арасында ортасынан кіргізеді. Инешаншым ұзындығы 1,5...
2 см.
Белгілейтін тігім сыртқы түрі бойынша беткі жағынан қарағанда
тура инешаншымнан көктейтін тігімге ұқсайды,
бірақ белгілейтін
инешаншымдардың құрылымы ілгек тәрізді болғандықтан, олардан
жасалатын тігім берік әрі икемді қосылыс алуға мүмкіндік береді.
Ілгек тәрізді инешаншымдардың қайырма тігімдерін (1.34-сурет)
бөлшектердің бүктелген жиектерін жабық қиықпен орнықты бекіту
үшін қолданады (жеке тапсырыспен сырт киім дайындау кезінде),
мысалы астар бөлшектерін бұйым етегінің бойымен сырт
бөлшектерге тігу үшін, негізгі
материалдан бөлшектерді, мысалы
жапсырмалы қалталарды, бұйыммен, астыңғы жағаны мойын
ойындысымен біріктіру үшін және т.б.
58
Ілгек тәрізді инешаншымдардың қайырма
тігімдерін негізінен
қиғаш инешаншымдардың қайырма тігімдері сияқты орындайды.
Инені әуелі үстіңгі бөлшектің бүктелген шетінің бүкпесіне кіргізеді,
одан кейін осы бөлшектің тесілген жерінің деңгейінде астыңғы
бөлшекті қалыңдығының жартысына дейін теседі (қиғаш
инешаншымның қайырма тігімінен айырмашылығы, оны орындау
кезінде астыңғы бөлшекті жанына қарай біраз жылжытып қамтиды).
Инешаншым жиілігі – 1 см-де 3.
Инешаншымдарды астар түсіне сәйкес № 50 және 60 мақта-мата
жіптерімен және № 33 және 65 жібек жіптермен орындайды.
Қопсыған тігімдерді (1.35-сурет) бүйір, лацкан, жаға, етек және
т.б. шеттерін әрлеу үшін қолданады.
Қопсыған тігімдер құрылым жағынан қайым тігімдердің бір түрі
болып табылады және олардан айырмашылығы
ұзындығы кішірек
болады (0,5...1 мм), сол арқылы инешаншым жіптері бекітілетін
бөлшектердің ішінде орналасады және тігім үстіңгі жағы мен
астыңғы жағынан аса білінбей тұрады. Инешаншым жиілігі
матаның қалыңдығына байланысты және 1 см-де 1-ден 5-ке дейін
өзгереді.
Қ о п с ы ғ а н т і г і м д е р д і мата түсіне сәйкес жіңішке жіппен,
№ 33, 65 және 75 жібек жіптермен орындайды.
Инені матаға алға
қарай біраз қисайтып кіргізеді, үстіңгі матаны толық теседі,
астыңғы матаны қалыңдығының жартысына дейін теседі де, инені
үстіге шығарады, одан кейін матаға инені шығарған нүктеден 0,5...
1 мм арақашықтықта қайтадан
бетіне немесе осы тесікке,
инешаншымды ауыстыру және жасау үшін инені біраз қисайта
отырып кіргізеді. Тігімді білдіртпеу үшін, инешаншымдарды
байлаудың қажеті жоқ. Қопсыған тігімді ылғалды жылумен өңдеуге
дейін орындау қажет.
Тігім ұштарын бекіту үшін ілгек тәрізді инешаншымдарды
қолданады. Олармен уақытша және орнықты қол тігімдерінің
ұштарын бекітеді. Уақытша тігімдерді бір
немесе екі ілгек тәрізді
инешаншыммен, ал тұрақты тігімдерді екі-үш инешаншыммен
бекітеді.
1.34
-сурет. Қайырма
тігім
1.35
-сурет. Қосыған
тігім
1.36
-сурет.
Ілгекті
инешаншымдар
Достарыңызбен бөлісу: