Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет41/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   321
Айқыш инешаншыммен 
(1.30-сурет) ілмектеулі және әрлегіш 
тігімдерді орындайды, сырғып кетуге жол бермеу үшін қиықты 
берік етіп бекітеді. Бұл инешаншымдарды сетінегіш қалың матадан 
жасалған бұйым бөлшектерінің (жең, жаға қыры және т.б.) 
бүктелген жиектерін ілмектеу үшін қолданады. 
1.30
-сурет. Айқыш инешаншымдар 
1.31-сурет. Ілгек тәрізді
инешаншымдар
56


Тігімді солдан оңға қарай бүкпе қиығына параллель орындайды. 
Тесіктерді бүгіліс және негізгі бөлшек бойымен кезектестіреді, бұл 
кезде бөлшектің бүктелген шетін толықтай теседі, ал негізгі 
бөлшекті қалыңдығының жартысына дейін теседі. Тесік орнынан 
бөлшек қиығына дейінгі арақашықтық матаның сентінегіштік 
деңгейіне қарай 0,3...0,5 см болады. Инешаншым жиілігі 1 см-де 
2...3. Инешаншымдарды қатты байламайды. Инешаншымдарды № 
65 және 75 жібек жіптермен немесе № 50...80 мақта-мата жіптермен 
орындайды. 
Айқыш инешаншымдармен жасалған тігім ашық болып шығады, 
сондықтар 
жіптер 
тез 
қажалып 
кетуі 
мүмкін. 
Мұндай 
инешаншымдарды сирек жағдайда тігу үшін қолдану ұсынылады. 
Айқыш инешаншымдар жұқа әйелдер мен балалар киімдерін 
дайындау кезінде және әйелдердің сырт киіміндегі астарды өңдеу 
кезінде әрлеу рөлін атқарады. 
Ілгек тәрізді инешаншымдардан 
жасалған тігімдер (1.31-сурет) 
бөлшектерді берік әрі икемді етіп біріктіруге мүмкіндік береді. 
Жекелеген жағдайларда оларды машина тігімдерінің орнына 
қолданады. Мысалы ілгек тәрізді тігімдермен пальтоны, костюмді 
жеке дайындау кезінде астарды сыртымен біріктіру бойынша 
ілмектеу жұмыстарын, тігімдерді машинамен орындау мүмкін емес 
немесе қиын бөліктерде біріктіру жұмыстарын орындайды. Ілгек 
тәрізді инешаншымдармен басқа инешаншымдармен орындалған 
тігім ұштарын бекітеді. 
Ілгек тәрізді инешаншымдармен қайым, айыра көктейтін, 
қайырма және қопсыған тігімдерді орындайды. 
Ілгек тәрізді инешаншымдардың қ а й ы м т і г і м д е р і н (1.32- 
сурет) тігімді машинамен орындау қиын болған кезде, мысалы 
үстіңгі жағаны пішім сызықтарының бойымен өңірастымен 
біріктіру кезінде немесе созылмалылығы жоғары тігіс алу қажет 
болған жағдайда бұйымды жеке дайындау кезінде екі бөлшекті 
тұрақты біріктіру үшін қолданылады, мысалы киім жөндеу кезінде 
шалбардың ортаңғы қиықтарын біріктіру (тізбекті инешаншымы 
бар арнайы машина болмаған жағдайда). 
1.32
-сурет. Қайым тігімдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет