А - с и л у э т (1.2-сурет,
б
) – бос, иілімді, көбінесе макси
ұзындықтағы силуэт. Ол біртіндеп сәннен кетіп, кешкі көйлектер
тобында және жастар киімінде қалып бара жатыр.
Т ү з у с и л у э т (1.2-сурет,
в
) қазір басым силуэт емес. Ол сырт
және кешкі киім тобына жатады. Көлемі, әдеттегідей біраз
үлкейтілген. Классикалық костюмдер тобында да кездеседі, бірақ
көлемі бұрынғыдай емес шағын, ұзындығы көбінесе мини болады.
Х-силуэт бұйымдары (1.2-сурет,
г
) әртүрлі ұзындықта болады,
негізінен ол жастар киімдерінің сұрыпталымында кездеседі. Оның
үстіңгі жағы денеге біраз жабысыңқырап тұрады және оның қысқа
кең жайылма белдемшесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: