Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


•  DBEngine — MS Jеt ДҚБЖ ядросына қолжетімділікті ашады;  •



Pdf көрінісі
бет38/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

• 
DBEngine
— MS Jеt ДҚБЖ ядросына қолжетімділікті ашады; 
• 
Workspace
— бір немесе бірнеше деректер қорын ашу үшін жұмыс 
аймағы болып табылады. Деректер қорларын ашуға жəне тарнзакцияларды 
өңдеуге арналған əдістерді қамтиды; 
• 
Database
— кесте түрінде ұйымдастырылған деректер жиынтығы; 
• 
Recordset
— физикалық кесте түрінде құрылған оперативтік жадтағы 
деректер жинағы. Жазбалардың орнын ауыстыру, редакциялау жəне 
іздестіруге арналған əдістерді қамтиды. Ақпараттық жүйені əзірлеген кезде 
DAO
объектілерін пайдалану үшін, оларды VB жүйесі мəзірінің 
пəрменімен жобаға қосу қажет: 
Project— References— MicrosoftDAO 3.х. 
DAO объектілерінің кітапханасы иерархиялық құрылым болып 
табылады, иеррархия басында DBEngine объектісі орналасқан. Деректер 
қорын ашу үшін жұмыс аймағын ашып, жұмыс аймағындағы деректер 
қорын ашу, содан кейін қажетті кестені ашу қажет. Төменде деректер 
қорын жəне кестені ашу мысалы келтірілген: 
Dim NewDb As Database Dim NewWs 
As Workspace Dim NewRc As Recordset 
Dim path_to_db As String 'ДҚ файлына 
жол 
path_to_db = App.path+"\фирма.mdb'' ' 
DAOoбъeктілерінің даналарын алу: Set NewWs = 
DBEngine.Workspaces(0) 'Жұмыс аймағы 
Set NewDb = NewWs.OpenDatabase(path_to_db) '
ДҚ 
файлын ашу


76 
'Кестелерді ашу:
Set NewRc = NеwDd.OреnRесоrdsеt (" Бөлімдер", _ 
dbOpenDynaset)
Деректер қорын ашу үшін Open Database əдісі қолданылады. Деректер 
қорын ашу өлшемдерін көрсетуге жол беріледі. Бірінші өлшем деректер 
қорының Exclusive қасиетінің, екінші — Readonly қасиетінің мағынасын 
белгілейді. Қасиеттің екеуі де қисынды. Бірінші қасиет деректер қорын 
ұжымдық пайдалану мүмкіндігін белгілейді, ал екіншісі пайдаланушы 
деректерді редакциялай алатынын не редакциялай алмайтынын белгілейді. 
Мысал:
Set NewDb = NewWs.OpenDatabase _ (path_to_db, False, 
True)
Кестедегі деректер жинағы Open Record set əдісімен құрылады. 
dbOpenDynaset 
константасы кестенің жазбаларына толық қолжетімділік 
беретін динамикалық жинақты қалыптастыруды ұйғарады. 
Кесте ашылғаннан кейін навигацияны, жазбаларды іздестіруді, қосуды, 
жоюды жəне редакциялауды бағдарламалау үшін Recordset объектісінің 
əдістері пайдаланылады. 
DAO 
технологиясы 
сондай-ақ: 
транзакцияларды 
өңдеуді 
бағдарламалауға, деректер мен кестелердің қорларын құруға, SQL-сұрау 
салуларды пайдалануға мүмкіндік береді. 
ADO технологиясы — бұл əр түрлі форматтағыфайлдары бар деректер 
қорына қол жеткізудің əмбебап өнеркəсіптік стандарты. Осы технология 
екі буынды архитектура болып табылады (2.10-сурет). 
Жалпы түрінде ADO олардың қасиеттері мен əдістері OLE DB арнайы 
интерфейсіне шақыртуларды құруға мүмкіндік беретін объектілер 
кітапханасы болып табылады. Бұл интерфейс - драйверлер жиынтығы — 
деректерді 
жеткізушілер 
жиынтығы 
болып 
табылады. 
ADO 
терминологиясында осындай драйверлер провайдерлер деп аталады. 
Деректер қорында сақталатын деректер қолжетімділікті алу үшін: 
деректердің тиісті провайдерін шақырту; деректер көзі болып табылатын 
объектіні көрсету қажет.
Деректер қоры ретінде кестелер, сақталатын 
рəсімдер, ұсынылымдар жəне SQL-сұрау салулар болуы мүмкін.
2.10-сурет ADO деректеріне қол 
жеткізу 
ADO 
мынадай 
негізгі
объектілері белгіленеді: 


77 
Command
-детектер жинағын ашады 
Recordset
–Провайдер ұсынған жазбалар жинағын ашады. 
DAO объектілерінің кітапханасымен салыстырғанда айырмашылығы, ADO 
объектілерінің кітапханасы иерархиялық болып табылмайды, яғни 
объектілердің даналарын ретпен алу талап етілмейді. 
Деректерге қол жеткізу үшін: тиісті провайдердің көмегі арқылы 
дерекқорға қосылым жасап; таңдалған дерекқордың қайнар көзінен 
деректер жиынтығын алу қажет. 
Деректер жинағын 
Command 
жəне 
Recordset 
объектілер көмегімен 
алуға болады. 
Деректер қорын 
Connection 
объектісі данасының 
Open 
əдісімен 
ашады. Дəлел ретінде əдіске талап етілетін провайдер, деректер қоры жəне, 
қажет болған жағдайда, қосу үшін қажетті қосымша ақпарат көрсетілген 
жолды беру қажет. Қосымша ақпарат ретінде деректерге қолжетімділік 
құқығын айқындайтын пайдаланушының аты жəне оның құпиясөзі болуы 
мүмкін. Miсrоsоft Jеt (MDB ACCESS) деректер қорларымен қосу үшін 
Miсrоsоft. Jеt. OLEDB.4.0 провайдері, ал деректер қорымен жұмыс істеу 
үшін — Miсrоsоft SQL Sеrvеr 2000/2003, Miсrоsоft OLE DB Prоvidеr for 
SQL Sеrvеr пайдаланылады 
ADO объектілері мəзірдің 
Project — References
пəрмені көмегімен 
Miсrоsоft AсtivеX Dаtа Objесts 
n
.
x
. кітапханасы жобасына қосылғаннан 
кейін қолжетімді болады. Объектілер ADODB класының қасиеттері болып 
табылады. 
Бұдан əрі MS Jеt деректер қорымен қосылу үлгісі келтірілген: 
Dim cnnString As String'провайдерге' қолжетімділік өлшемдері бар жол 
Dim cnn As New ADODB.Connection' Объeктінің данасы 'Connection 
Деректер қорына қол жеткізу жолы 
cnnString = "Provider = Microsoft.Jet.OLEDB.4.0;" _ "Data Source = 
«D:\DB\қойма.mdb;" & _
"Persist Security Info = False" Қосылуды
ашуcnn.Open cnnString 
Провайдерге арналған жолда мынандай өлшемдерді көрсету қажет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет