103
Механизм — ол арқылы осы
функция орындалатын нəрсе. Бұл жабдық,
ЭЕМ арналған бағдарлама немесе оператор — адам.
Функцияның аты — етістік.
Бастапқыда барлық жүйе бір функционалдық блок түрінде көрсетіледі,
кейіннен ол ретті бөлшектеп байланыстыруға тартылады.
Бөлшектеп байланыстыруды орындаған
кезде функционалдық
блоктардың иерархиялық құрылымы — диаграмма пайда болады.
Иерархиялық құрылымды үштен алтыға дейін функционалдық блоктардың
болуы ұсынылады. Диаграммада функционалдық блоктар үстем жағдайға
ие. Блоктар маңыздылық дəрежесі бойынша орналасады, ең маңызды блок
схема бойынша жоғарғы сол жақ бұрышта орналасады. Функциялардың
иерархиясын көрсету үшін функцционалдық
блоктың төменгі оң жақ
бұрышындағы блоктардың нөмірлері пайдаланылады.
Жалпы түрде диаграммадағы доғалар жүйенің жұмыс үдерісіне
қатысатын объектілер бейнеленеді. Бұл материалдар, аспаптар,
қағаз
тасымалдағыштағы құжаттар, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын-
дағы құжаттар мен деректер сияқты материалдық заттар.
Тиісті
функционалдық блок объектілерді өзгертуді орындайды.
Блоктар арасындағы байланыстардың бес түрі бар (2.33-кесте).
Функциялар арасында байланыстарды орнатқан кезде мынандай
ерекшеліктерді ескеру қажет:
а) байланыс — функцияның өз міндеттерін орындау үшін қажетті
объектілер ағымы;
2.33
-кесте
Достарыңызбен бөлісу: