109
2.46
-сурет. Қызметкерлерді іріктеп үдерісінің
диаграммасы
Диаграммадағы үдеріс төменгі сол жақ бұрышында нөмірі бар квадрат
түрінде бейнеленеді. Әрекеттер оларды орындау
реттілігін көрсететін
нұсқарлармен қосылады.
Нұсқарлар белгілі бір байланыс түрін білдіреді.
Әр байланыстың өз
шартты белгісі бар.
IDEF3 диаграммаларында мынандай байланыс түрлері белгіленеді:
•
бұдан бұрын болғанның байланысы—
тұтас бағытталған нұсқармен
белгіленеді. Нұсқар оны көрсеткен əрекет оның алдынғы əрекет аяқталған
соң ғана орындалады;
•
қатынастар байланысы — пунктирлі сызықты бағытталған нұсқармен
бейнеленеді. Нұсқар оны көрсеткен əрекет бұдан бұрынғы əрекеттен бұрын
басталуы немесе аяқталуы мүмкін;
•
объектілер ағымдарының байланысы —
тұтас қос бағытталған
нұсқармен бейнеленеді. Алдынғы əрекет екінші жəне
одан кейінгі
əрекеттерді пайдаланатын объектіні құратынын білдіреді.
Элементтердің шартты белгілері 2.35-кестеде келтірілген.
Әрекеттер ағымындағы тармақталу нүктелерін көрсету үшін
қисынды
операторлар пайдаланылады. IDEF3 əдіснамасында
қисынды операторлар-
дың үш түрі белгіленген: «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ», «Болдырмайтын
НЕМЕСЕ». Бұл операторлардың
шартты белгілері бар, олар 2.36-кестеде
келтірілген.
Қисынды операторлар диаграммада қиылыстарды құрады.
Қиылыстардың екі түрі ажыратылады: қосылу жəне айырылысу.
«ЖӘНЕ» жəне «НЕМЕСЕ» қисынды
операторлар сондай-ақ
синхрондыларға жəне асинхрондыларға бөлінеді.
2.37-кестеде қиылыстардың шартты белгілері келтір
ілген.