113
2.38
-кесте
ARIS базалық модельдері
Модель
Сипаттамасы
Ұйымдық
құрылым
Функциялар
Ақпарат
Үдерістер
Ұйым, бөлімшелер құрылымының модельдері
Ұйымның стратегиялық мақсаттарын жəне жəне оның
қызмет түрлерін сипаттайтын модельдер
Ұйымның қызметінде
пайдаланылатын деректердің
сипаттамасы
Бизнес-үдерістердің жəне ұйымдық, функционалдық
жəне ақпараттық модельдер арасындағы өзара
байланыстардың сипаттамасы
Жүйелік тəсілдеме қазіргі уақытта əдіснамамен қатар іске асырылатын
ұйымдық, функционалдық жəне ақпараттық талдауға негізделген.
ARIS әдіснамасы. Осы əдіснама ықпалдастырылған ақпараттық
жүйелерді жобалауға арналған. ARIS (Arсhitесturе оf Intеgrаtеd Infоrmаtiоn
Sуstеms) əдіснамасы ақпараттық жүйелердің түрлі модельдерін құруды
көздейді.
Жалпы түрде төрт модельдер түрі белгіленеді (2.38-кесте).
Әдіснама ұйымның жəне оның құрамындағы ақпараттық жүйенің
ерекшеліктерін көрсететін түрлі диаграммаларды құруға мүмкіндік береді.
Ары қарай ARIS диаграммаларын шолу жүргізілді.
Мақсаттар диаграммасы. Ұйымның стратегиялық мақсаттарын оның
құрылымының элементтерімен өзара байланыста көрсетеді. Осындай
диаграмманы жасаған кезде ұйым мақсаттарының ағашы құрылады.
Өнімнің және қызметтердің диаграммасы. Өнім мен қызметтерді
ұйым құрылымының элементтерімен өзара байланыста сипаттайды.
Диаграмма иерархиялық құрылым болып табылады.
Функциялардың диаграммасы. Ұйым
орындайтын функцияларды
иерархия түрінде көрсетеді. Алдыңғы диаграммалар сияқты, ол
иерархиялық құрылым болып табылады.
2.39
-кестеде осы диаграммалар үшін ARIS шартты белгілері
көрсетілген.
Үдеріс ортасының диаграммасы. Белгілі бір үдерісті белгілеуді жəне
оның ортасындағы объектілерді сипаттауды көздейді.
Бұл ретте осы
модельде олардың шартты белгілері 2.40-кестесінде көрсетілген объектілер
бар.