123
Чен əдіснамасы байланыстарды белгілі
бір тип бойынша белгілеуді
көздемейді. Байланыс түрін көрсету үшін түбегейлілік
көрсетіледі, ол
мəнді-объектінің жанында байланыстың екі жағында көрсетіледі. 2.56-
суретінде Чен нотациясындағы
ER-диаграммасы көрсетілген, ол
қызметкердің ұйым бөлімімен байланысын көрсетеді.
Betec (©) әдіснамасы. Бұл əдіснама ARIS, BAAN, Oracle əдіснамалары
жəне түрлі компаниялардың экономикалық жəне ақпараттық жүйелерді
талдаған жəне синтездеген кезде жинақталған тəжірибесі
негізінде
құрылған ресейлік əзірлеме болып табылады.
2.56-сурет. Чен моделінің үлгісі
124
Осы əдіснама бойынша жүйелік талдау технологиясы негізінде ол үшін
ақпараттық жүйе құрылатын компанияның
қызметіне кешендік көзқарас
жатыр.
Талдау үшін түрлі модельдер тегін пайдалану ұсынылады:
«Стратегия», «Бизнес-үдерістер», «Ұйымдық құрылым», «Қаржы»,
«Персонал», «Маркетинг».
Ақпараттық жүйелерді талдау жəне синтездеу мақсатында «Бизнес-
үдерістер» жəне «Ұйымдық құрылым» модельдері қолданылады. Осы
текке 2.49-кестеде қысқаша сипатталған тоғыз модель кіреді.
Әр модель
диаграмма түрінде рəсімделеді. Диаграммалар үшін
арнайы нотациялар
пайдаланылады.
2.50-кестеде Betec (©) диаграммаларында пайдаланылатын шартты
белгілер келтірілген.
Bitec © əдіснамасы бойынша диаграммаларды жасаған кезде түрлі
модельдерде жекелеген объектілер жəне
олардың шартты белгілері
пайдаланылуы мүмкін.
«Бизнес-бағыттар» диаграммасы иерархиялық құрылымға ие. Осы
құрылымның түпкі элементі бағынысты
элементтері арқылы ашылатын
ұйымның бизнес-бағыты болып табылады.
2.49 кесте
Betec (©) модельдері
Достарыңызбен бөлісу: