154
қатысты үдерістік тəсілдемені пайдалануды ұсынады. Құрылған жүйенің
сапасы жобалау жəне əзірлеу үдерістері сапасының нəтижесі
болып
табылады.
TQM əдіснамасында үдеріс ұйымдастырушылық қызмет ретінде
қарастырылады. Осындай үдеріс үдерістің кірісінде
қажетті ресурстардың
болуын қамтамасыз еткен жағдайда,
шығыста пайдаланушының
қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнімді алуға мүмкіндік беретін қызмет
болып табылады. Бұл ретте əзірлеменің сапасын қамтамасыз ету үшін
қажетті үдерістерді үш топқа бөлуге болады:
1)
жекелеген орындаушылармен орындалатын жеке үдерістер;
2)
ұйым қызметін тік бойымен көрсететін жəне оның ұйымдық
құрылымына сəйкес келетін функционалдық немесе тік үдерістер;
3)
ұйым қызметін көлденең бойымен «қиып өтетін» жəне
өзара
байланысты ықпалдастырылған үдерістер жинағы болып табылатын
бизнес-үдерістер немесе көлденең үдерістер
.
Жүйенің жобасы шеңберінде үдерісті тиімді орындау үшін: əр үдерісті
оның жұмысын жақсарту үшін жауап беретін жəне
өз бетімен шешім
қабылдай алатын иемен салыстыру; əр үдеріске
оның сапалы жұмыс
істеуне жəне орындалуына жауапты өз басшысын тағайындау қажет.
Үдеріске назар аудару, басты фактор жіберілген қателерді түзету емес,
олардың алдын алу болып табылатынын білдіреді. Үдерістерді басқару
олардың тиімділігінің мынандай көрсеткіштері негізінде іске асырылады:
үдерісті іске асыруға жұмсалатын шығындар; үдерістің ұзақтылығы; үдеріс
сапасының көрсеткіштері.
Үдерістік тəсілдеме қағидатын іске асыру үшін
ұйымды мынандай
əрекеттерді жасау қажет:
Достарыңызбен бөлісу: