153
қажеттіліктерін мониторингілеу.
Тұтынушыларды-ақпараттық жүйеге тапсырыс берушілерді шартты екі
топқа бөлуге болады: сыртқы жəне ішкі.
Сыртқы тұтынушылар: жүйенің түпкі пайдаланушылары (нақты
жеке тұлғалар); аралық тұтынушылар (жүйені
жеткізуші мен тапсырыс
беруші арасындағы делдалдар); ірі жəне ортаншы тұтынушылар (заңды
тұлғалар— ұйымдар мен кəсіпорындар) болуы мүмкін.
Жүйенің
ішкі
тұтынушылары:
компанияның
ішкі
сервисін
пайдаланушылар (мысалы,
кадрлар бөлімі, өткізу қызметі); жүйені
əзірлеуші ұйымының қызметінен пайда алатын жеке немесе заңды тұлғалар
болуы мүмкін.
Ұйым басшылығы өз шешімдерімен TQM əдіснамасын
іске асыруды
қамтамасыз етуге тиіс. Тапсырыс берушінің
ұйымындағы басшылықтың
басты рөлі мынандай шарттарды сақтауға негізделген:
•
əрекеттің белсенділігі;
•
сыртқы жағдайдың өзгерістерін түсіну жəне оған орай əрекет ету;
•
жүйені
əзірлеу
үдерісінің
барлық
қатысушыларының
(тұтынушылардың,
ұйым қызметкерлерінің, жабдықты жеткізушілердің)
қажеттіліктерін назарға алу;
•
ұйымның перспективаларының анық көрінісін құру;
•
мақсаттарды белгілеу жəне мақсаттарға жету үшін
стратегияны іске
асыру;
•
ұйымның барлық деңгейлерінде ортақ құндылықтарды жəне
этикалық қағидаттарды белгілеу;
Достарыңызбен бөлісу: