Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу



Pdf көрінісі
бет86/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

3.3. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу 
тиімділігін бағалау 
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуден экономикалық 
тиімділікті бағалау бернеше ерекшеліктерді ескеруді талап етеді. 
Біріншіден, жаңа жүйені енгізуден немесе қолданыстағы жүйені 
жаңғыртудан экономикалық əсерді бағалау қажет. Екіншіден, ақпараттық 
жүйенің жұмысы көбінесе пайдаланылатын есептеуіш құралдарға жəне 
адами факторға байланысты. Осы ереже есептеуіш қосалқы жүйенің жұмыс 
тиімділігін жəне оператордың – жүйені пайдаланушының жұмыс сапасын 
бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттарды енгізуді талап етеді. 
Экономикалық тиімділігі. Ақпараттық жүйені енгізу немесе 
пайдалануоның жұмысын абсолюттік немесе салытсырмалы тиімділігі 
тұрғысынан бағалауды талап етеді. 
Абсолюттік экономикалық тиімділік жаңадан құрылған жүйе үшін 
есептеледі, өйткені тапсырыс беруші оның талаптары бойынша құрылған 
белгілі бір жүйені алады. 
Жалпы түрінде абсолюттік тиімділікті есептеу мынандай формула 
бойынша есептеледі 
Э = П

- П

- З, 
онда П

— ұйымның бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланусыз 
алатын пайдасы; П

— ақпараттық жүйені пайдаланған кезде алынған 
пайда; З — ұйымның жүйені енгізу үшін жұмсаған шығындары. 
Ақпараттық жүені енгізуге шығындар есептеуіш техниканы сатып, 
дербес ЭЕМ желісін өрістету, персоналды оқыту үшін қажетті қаражатты 
қамтиды. Бұған бағдарламалық қамсыздандыруды жəне негізгі компоненті 
операциялық 
жүйе 
болып 
табылатын 
жүйелік 
бағдарламалық 
қамсыздандыруды сатып алуға жұмсалатын шығындарды қосу қажет. 


157 
Шығындарға, сондай-ақ, электр эенергия шығындарын да қосу қажет. 
Айырмасы автоматтандыруды жүргізгеннен кейін кəсіпорынның негізгі 
қызметінен алынған əсерді белгілейді:
П
Д
= П
2

П
1
.
Э > 0 болған жағдайда ғана ақпараттық жүйені енгізу орындылығы 
туралы қорытындыны жасауға болады. 
Жүйені пайдаланудан тиімділік дəрежесін бағалау үшін мынандай 
формула бойынша салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу 
қажет
Э
отн
=
Э
З

Көрсеткіш салынған шығындардың 1 р. экономикалық тиімділікті 
беглілейді. Осы коэффициент 2,0 мен 2,5 шегінде болуы ұсынылады. 1,0 
мен 2,0 шегіндегі мағыналар ұйымның қызметін жергілікті автоматтандыру 
кезінде қол жеткізген табысты көрсетеді. Мағыналар 0 мен 1,0 аралығында 
болғанда автоматтандырудың нəтижесі қанағаттанарлықсыз деп танылады. 
Егер ұйым қолданыстағы ақпараттық жүйені жаңғыртуды жүргізетін 
болса, онда тиімділікті есептеген кезде оны пайдалануға жұмсалған 
ағымдағы шығындар есепке алынады
Э = (П
2
– П
1
) – (З
2
– З
1
),
онда З

— жаңа жүйені пайдалануға жұмсалған шығындар; З

— бұрынғы 
жүйені пайдалануға жұмсалған шығындар. 
Автоматтандырудың тиімділігін одан гөрі дəл бағалау үшін келтірілген 
бағалар пайдаланылады. Экономикалық тиімділікті есептеуді нақты уақыт 
кезеңіне жүргізеді. Инфляция үдерісін есепке алу үшін есептерде 
дисконттық коэффициенттер қолданылады. Егер дисконттау нормасы 
ақпараттық жүйені жеткізуді іске асыру мерзімі ішінде тұрақты болса, онда 
тиімділікті есептеуге арналған түзету коэффициентінің түрі мынандай 
болады 
K = (1 + n)
t
 , 
онда n—дисконттау коэффициенті; t— есеп жүргізілетін уақыт мерзімі. 
Шығындар жəне алынған алдын ала нəтижелер осы коэффициентке 
бөлінуі тиіс. 
Экономикалық тиімділікті есептеген кезде белгісіздік факторын есепке 
алу үшін минимакс қағидаты жəне нəтижелерді межелдемелік бағалау əдісі 
қолданылады. 
Ақпараттық жүйені енгізуден экономикалық тиімділікті минималды 
нəтиже алып, максималды шығындар кезінде белгілейді 


158 
Бұл ретте тиімділіктің есептік өлшемі оған түсуге тиіс нақты интервал 
беріледі. Егер нəтижесі теріс болса, онда не интервал қате таңдалған, не 
ақпараттық жүйені пайдалану тиімсіз болады. 
Ақпараттық жүйеге тапсырысқа бекітілген бюджет пайдаланған 
жағдайда автоматтандырудың балама нұсқаларын салыстырған кезде 
бірнеше автоматтандыру нұсқаларынан максимин қағидатына сəйкес 
келетін нұсқа таңдалады. Минималды шығындар немесе минималды қатер 
дəрежесі жағдайында максималды тиімділікті алуға мүмкіндік беретін 
нұсқа таңдалады. 
Автоматтандыруға бекітілмеген қаражат бөлу мүмкіндігі болған 
жағдайда, белгілі бір мердігерді жəне жабдықты жеткізушіні таңдау қажет. 
Оңтайлы жобаны таңдау үшін шығындар мен салыстырмалы 
экономикалық тиімділік мағынасы арасындағы айырманы талдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет