Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»


•  пайдалану сипаттамаларының жинағы;  •



Pdf көрінісі
бет81/96
Дата02.11.2022
өлшемі4,05 Mb.
#46918
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96
Байланысты:
Мезенцев-АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН-АҚПАРАТТЫҚ-ЖҮЙЕЛЕР.-Оқулық

• 
пайдалану сипаттамаларының жинағы; 
• 
жүйенің функционалдық жарамдылығын белгілейтін көрсеткіштер


151 
жинағы; 
• 
сенімділік; 
• 
қауіпсіздік; 
• 
экономикалық көрсеткіштер. 
Ақпараттық жүйелерді құру үдерісінде өнім бағдарламалық код жəне 
белгілі бір ақпараттық сервис болып табылады. Жүйені əзірлеудің əр кезеңі 
белгілі бір сапа деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. ISO 8402 стандартына 
сəйкес сапаны қамтамасыз ету үдерісі – бұл сапа ілмегі ретінде 
сипатталатын үздіксіз үдеріс. 
Сапа ілмегі түрлі сатыларда- қажеттіліктерді белгілеуден бастап оларды 
қанағаттандыруды бағалауға дейін сапаға əсер ететін өзара байланысты 
қызмет түрлерінің тұжырымдамалық моделі болып табылады. 
Сапаны басқару үшін түрлі технологиялар пайдаланылады. TQM (Tоtаl 
Quаlitу Mаnаgеmеnt) əдістемесі негізгі болып табылады. Осы əдістеме 
сапаны жаппай басқару əдіснамасы болып табылады. Сапаны қамтамасыз 
ету өткізу жəне маркетинг бөлімдері жетекшілік ететін қызметтің 
ажыратылмас құрамдас бөлігі болуы тиіс. Сапаны жаппай басқару – бұл 
сапаға 
бағытталған, 
ұйымның 
барлық 
мүшелерінің 
(барлық 
бөлімшелеріндегі жəне ұйымдық құрылымның барлық деңгейлеріндегі 
персоналдың) қатысуына негізделген жəне тұтынушының қажеттіліктерін 
қанағаттандыру жолымен ұзақ мерзімді табысқа жəне əзірлеуші ұйым 
қызметкерлерінің пайдасына жетуге бағытталған кез келген ұйымды 
басқару тəсілдемесі. 
TQM əдіснамасы үш мақсатты көздейді: 
1) 
жүйені жеткізуші ұйымды тұтынушылардың ағымдағы жəне 
əлеуетті сұраныстарын қанағаттандыруға бағдарлау; 
2) 
əзірлеушінің басты мақсаттарының бірі ретінде сапаны қамтамасыз 
ету; 
3) 
ақпараттық жүйені əзірлеуші-ұйымның барлық ресурстарын 
оңтайлы пайдалану. 
TQM Негізгі элементтерімен: 
• 
жеткізуші – ұйым басшылығының сапаны қамтамасыз етуге 
мүдделілігі; сапаны қамтамасыз етумен байланысты мəселелерді шешуге 
басшылардың жеке басы қатысуы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет