Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


ЗИЯНДЫ ЖӘНЕ ҚАУІПТІСӘУЕЛЕЛЕР



бет18/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
Груманова Компьютерлік технология саласындағы техни қауірсіздік және еңбекті қорғау.

3.1.
ЗИЯНДЫ ЖӘНЕ ҚАУІПТІСӘУЕЛЕЛЕР
Компьютерлік техникадағы адам үшін зиянды сәулелердің негізгі көздері жүйелік блок пен монитор болып табылады. Электрондық-сәулелік түтікше (ЭСТ) негізіндегі монитор адам денсаулығына барынша теріс ықпал етуі мүмкін, ол өз кезегінде екі зиянды фактордан: бета-сәулеленуден (экранда сурет
қалыптастыратын электрондар ағыны) және ауаның иондауын туғызатын жоғарғы кернеуліліктен тұрады.
Иондалған сәуле адам үшін барынша қауіпті болып табылады. Ортамен өзара әрекеттестігі түрлі белгілердегі электр зарядтары құрылуына әкелетін кез келген сәуле иондалған деп есептеледі.
ЭСТ бар мониторлардың жоғарғы кернеулілік торабы бар: қоректену блогы, кадрлық өріс блогы ауада оң иондар санының ұлғаюына ықпал етеді. ЭСТ негізіндегі мониторларда негізгі сәулелену артқы және жанындағы қабырғалардан келеді. Сондықтан, денсаулықты сақтау үшін қосылып тұрған монитордың жанында немесе артында болудан қорғану қажет, ал ең жақсысы сұйық кристалды монитор алған дұрыс болады. Сағатына 50 микрорентгенге дейінгі радиация деңгейі қауіпсіз деп есептеледі.
Электромагниттік сәуле көздері қай жерде пайда болады және олар адам ағзасына қандай ықпал жасайды? Ток жүретін сымның айналасында бір мезетте электрлік және магниттік алаңдар пайда болатыны белгілі. Айнымалы ток барысында магниттік алаң электрлік алаңмен байланысады және біртұтас электрмагниттік алаң құрады. Оның нақты энергиясы бар, сондай-ақ электрлік және магниттік кернеулілікпен сипатталады, мұны еңбек жағдайларын бағалау барысында ескеру қажет.
Мониторлардан өзге, электрлік құрылғылар,
трансформаторлар, антенналар, аса жоғары жиілікті генераторлар электрмагниттік сәуле көздері болып табылады. Әңгімелесу режиміндегі ұялы телефон да электрмагниттік сәуле көзі болып табылады.
Сондай-ақ, жүйелік блок та электрмагниттік сәуле құрады.
Мәселе адамның электрмагниттік алаңды көрмейтіндігі мен сезбейтіндігінде, сондықтан да адам олардың қауіпті ықпалынан әрдайым сақтана қоймайды. Электрмагниттік сәулелер ықпалынан адам ағзасы терісінің қызуы жүреді, бұл, әсіресе, көзі, миы, асқазаны үшін ерекше қатерлі. Көздің сәулеленуі барысында бірнеше күннің ішінде көз жанарының былшықтану қаупі бар, ол көз катарактасын туындатуы мүмкін.
Жылулық ықпалдан басқа, электрмагниттік сәулелер жүйке жүйесіне жағымсыз ықпал етеді, жүрек-тамыр жүйесі
функцияларының, зат алмасуының бұзылуына әкеп соқтырады.
Электрмагниттік алаңның адамға ұзақ ықпалы жоғары шаршауды туындатады, жұмыс операциялары орындалуы сапасының төмендеуіне, жүрек аумағының қатты ауыруына, қан қысымы мен соғысы өзгеруіне әкеп соқтырады.
Адамға электрмагниттік алаң ықпалы қауіпін бағалау адам денесі қабылдайтын электрмагниттік энергия көлемімен өлшенеді.
2.2.2/2.4.1340-03 Санитарлық ережелері мен нормаларына 1-қосымшада берілген ұсынымдарға сәйкес, 3.1- кестесінде берілген құрылғылар бақылауға жатады. Жұмсақ рентгендік сәулеленуді бақылау тек электрондық-сәулелік түтікшелерді пайдаланатын мониторингтер үшін ғана іске асырылатынына назар аудару қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет