Қызметкерлердің қалыпты жұмыс қабілеті және олардың жұмысын сапалы орындауы үшін кәсіпорын басшысына оларға жағымды ішкі ахуал жөнінде қамқорлық жасау қажет. Ішкі ахуал — бұл жайдағы кейбір параметрлермен: температурамен, ылғалдылық деңгейімен, ауа қозғалысының жылдамдығымен, жылулық қарқындылығымен сипатталатын ортаның жағдайы. Ішкі ахуал сондай-ақ жыл мерзіміне, күн мерзіміне, сыртқы метеожағдайларға да байланысты. Адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу ішкі ахуал параметрлеріне байланысты. 36,5 °С-тан тұратын дененің (ішкі органдардың температурасы) орта температурасы ағзаның жылулық күйінің және оның жалпы хал-жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл температурадан азын- аулақ ауытқу адам хал-жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Ол жылу балансының бұзылу деңгейіне және физикалық жұмысты орындау барысындағы энергиялық шығыстар деңгейіне тәуелді. Адамның тіршілік әрекеті саны физикалық кернеулілік деңгейіне тәуелді қоршаған ортаға үздіксіз жылу бөлумен ілесе жүреді:
тыныштық жағдайында — 85 Дж/с жуық;
ауыр жұмыс барысында —500 Дж/с жуық.
Қоршаған ортаның параметрлері өзгеруімен бірге адамның хал- жағдайы да өзгереді. Жылу балансының қандай да бір тарапқа қарай бұзылуы адам ағзасында оның қалпына келуіне ықпал ететін реакцияларды туындатады. Адам денесінің тұрақты температурасын ұстап тұру үшін қажет жылу бөлуді реттеу процестері термореттеу деп аталады. Ол ішкі органдардың температурасын тұрақты қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Суыққа немесе ыстыққа қарсы тұру тұрақты температураны ұстап тұруды барынша тиімді және үнемді жолмен қамтамасыз ететін белгілі бір органдарды ерекше функционалдық жүйеге қосатын жүйке-жүйесінің бақылауы арқылы жүреді. Термореттеудің физиологиялық жүйесі жылу құру және жылу беруді реттеуден тұрады. Термореттеу келесі тәсілдермен: химиялық жолмен, қан айнылымы қарқындылығын және тер бөлу қарқындылығын өзгерту жолымен іске асырылады. Қоршаған орта температурасы жоғары болған жағдайда терінің қан тамырлары кеңейеді және оған қан ішкі органдардан көбірек ағып келеді, сәйкестігінше, қоршаған ортаға жылу көбірек беріледі. Булану есебінен ағза сууының үлкен мәні бар. Қоршаған орта температурасы 36 °С болған жағдайда, адамнан қоршаған ортаға жылу шығу тек тердің булануы есебінен ғана іске асырылады. Төменгі температура жағдайында теріс құбылыс болады — қан тамырлары тарылады, қанның, яғни, теріге берілетін жылудың да саны азайады, сәйкесінше, адамның қоршаған ортаға жылу беруі де азайады. Адам ағзасындағы физиологиялық процестер қалыпты ағымда болуы үшін, ағза бөлетін жылу қоршаған ортаға толық берілуі қажет, яғни, жылу балансы болуы тиіс. Сәйкесінше, жылу берудің жылу бөлуден артып кетуі ағзаның суынуына және оның температурасы төмендеуіне әкеп соқтырады, бұл персоналдың жаппай науқастануының себебі болуы мүмкін. 40...60% диапозонындағы салыстырмалы ылғалдылық физиологиялық тиімді болып табылады. Ауаның жоғарғы ылғалдылығы (75...85% астам) төменгі температурамен үйлесімде едәуір салқындату ықпалын береді, ал жоғарғымен үйлескенде - ағзаның артық қызуына ықпал етеді. 25 % -дан төмен салыстырмалы ылғалдылық адам үшін қолайсыз, өйткені ол шырышты қабықшаның кебуіне және жоғарғы тыныс жолдары жоғарғы жыбырлағыш эпителиясының қорғаныс қызметінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Ішкі ахуалдың тағы да бір маңызды факторы ауаның жылжымалығы. Адам ауа қозғалысын оның жылдамдығы шамамен 0,1 м/с болған жағдайда сезіне бастайды. Қалыпты температурадағы ауаның жеңіл қозғалысы адамды орап алған су буларымен қаныққан және қызған ауа қабатын үрлеп тастап, жақсы көңіл-күйге түсуіне мүмкіндік жасайды. Ал ауа қозғалысының үлкен жылдамдығы, әсіресе төмен температура жағдайында, конвекция және булану арқылы, жылу жоғалуының ұлғаюын туындатады және ағзаның қатты суынуына әкеледі. 2.2.2/2.4.1340-03 СанЕжН сәйкес, 3.3-кестеде келтірілген ЭСМ бар жайлардағы ішкі ахуал параметрлері ұсынылады. Ішкі ахуал параметрлерін қамтамасыз етудің бірнеше жүйелері бар. Желдету — жайдан жұмысы орындалған ауаны айдап шығаруды және оны жаңа ауамен алмастыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және реттелетін ауа алмастырылуы. Механикалық желдетудің ерекшелігі ауаның компрессорлармен берілетіндігінде. Бұл жағдайда ауа сүзгі арқылы өтетіндіктен, барынша таза болады. Бұл тәсілдің кемшілігі шу деңгейінің жоғары екендігінде.