Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


Жоғары температураларға бейімделу



бет23/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Жоғары температураларға бейімделу. Ол бұлшық еттер жұмысының күшеюі, негізгі ауысымның едәуір төмендеуінен көрінеді. Жайдың жоғары температурасымен байланысты жұмыс барысында бейімделу жылу өнімі төмендеуі, тамырлардың қантолымы табанды қайта бөлінуі қалыптасуы есебінен жүреді, сол себепті дененің үстіңғі қабатынан жылу берілу жеңілдейді. Тер бөлінуі апаттық фазадағы басымды түрден жоғары температураға барабар түрге айналады. Тер бөлінуі айшықты болуы барысындағы бейімделу процесінде тердегі хлоридтер шоғырлануының азаюы байқалады, бұл су-тұз ауысуы бұзылуының азаюына ықпал етеді. Қан қысымы төмендейді, тамыр мен
Суық ықпалына бейімделу. Суықтың жиі және ұзақ ықпалы зат алмасуының жоғарылуына және жылу өнімінің күшеюіне әкеп соқтырады. Суық цехтарда немесе тоңазытқыштарда жұмыс істеу барысында төменгі температураға жауап ретінде жылу өнімі үнемсіз, артық артады, жылу берудің шектелуі әлі жеткіліксіз. Тұрақты бейімделу фазасы қалыптасқаннан кейін жылу өнімі процестері қарқынды бола түседі, ал жылу беру процестері төмендейді және ақыр соңында жаңа жағдайларда тұрақты дене температурасын барынша жетілдіре ұстап тұратындай болып теңгеріледі.
Бұл жағдайда белсенді бейімделуге рецепторлардың суыққа икемделуін қамтамасыз ететін, яғни, бұл рецепторлардың тітіркену табалдырығын арттыру тетіктері қосылады. Тері температурасы жылдамырақ қалпына келеді, тері тамырларының барынша төмен тарылуы, оның қан айналымының жоғарылауы байқалады, таралатын қан көлемі ұлғаяды.
Инфрақызыл сәулеленуге бейімделу. Инфрақызыл сәулеленуге бейімделу процесінде рецепторлардың қозғыштығы төмендейді, тамыр соғысының азын-аулақ жиіленуі және дене температурасының жоғарылуы, тер бөлінуі қарқындылығының жоғарылауы, май заттары санының ұлғаюы және тердегі хлоридтер шоғырлануының азаюы байқалады.
Бейімделу өндірістік ішкі ахуал параметрлерінің толқуы ағзаның компенсаторлық мүмкіндіктері шегінен шықпаған жағдайда байқалады. Метеорологиялық жағдайдардың күрт толқуы ағзаның оларға бейімделуін қиындатады. Аса қарқындылықты және ұзақтықты жылулық тітіркендіргіштері бейімделудің үзілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бейімделудің үзілуі ағзаның иммунологиялық реактивтігінің төмендеуіне байланысты және түрлі жағымсыз салдарларға әкеп соқтырады.
1,2 - қосымшаларда берілген тәжірибелік тапсырмаларды және дербес жұмыс үшін тапсырмаларды орындаңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет