Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


-кесте. Жұмыс ауысымы ішіндегі жүктеме деңгейіне байланысты, ауырлығы және кернеулігі бойынша жұмыс санаттары



бет37/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
6.3-кесте. Жұмыс ауысымы ішіндегі жүктеме деңгейіне байланысты, ауырлығы және кернеулігі бойынша жұмыс санаттары

Ауырлығы және кернеулігі бойынша жұмыс санаты

ДЭЕМ-да жұмыс түрлері барысындағы жұмыс ауысымы ішіндегі жүктеме деңгейі

А тобы, белгілер саны

Б тобы, белгілер саны

В тобы, жұмыс уақыты, сағ.

І

20 000 дейін

15 000 дейін

2 дейін

ІІ

40 000 дейін

30 000 дейін

4 дейін

III

60 000 дейін

40 000 дейін

6 дейін


жұмыстардың Ш санаты үшін — жұмыс ауысымының басынан 1,5...2,0 сағаттан соң және түскі үзілістен кейін 1,5...2,0 сағаттан соң әрқайсының ұзақтығы 20 минуттен немесе жұмыстың әрбір сағатынан соң ұзақтығы 15 минуттан.
12 сағаттық жұмыс ауысымы барысында жұмыстың алғашқы 8 сағатында регламеттелген үзілістер 8 сағаттық жұмыс ауысымы барысындағы тәрізді, ал жұмыстың соңғы 4 сағаты ішінде жұмыс санаты мен түріне қарамастан - әрбір сағаттан соң ұзақтығы 15 минуттен үзіліс белгіленеді.
ДК-дегі регламеттелген үзіліссіз үздіксіз жұмыс ұзақтығы 2 сағаттан аспауы тиіс. ДК-де түнгі ауысымдағы жұмыс барысында жұмыс санаты мен түріне қарамастан, регламеттелген үзілістердің ұзақтығы 60 минутке дейін ұлғайтылады.
Регламенттелмеген ұзақтығы 3 минутке дейінгі үзілістер адамның хал-ахуалына тиімді әсер етеді. Бұл, әсіресе, көз үшін қажет. Компьютермен жұмыс барысында жанар ерекше зардап шегеді, өйткені біздің жанар жүйеміз өзінің табиғаты бойынша компьютерлік кескінмен жұмысқа аз бейімделген.
Экрандық кескін табиғи кескіннен мына сипаттары бойынша ерекшеленеді:

  • тойтарғыш емес, өзі сәуле таратқыш;

  • дискретті нүктелер — пикселдерден тұрады;

  • сыртқы жарықтандыру есебінен одан әрі кішірейе түсетін, барынша төменгі қарама-қарсылығы бар;


6.4. сурет. Көз үшін үлгілік гимнастика нұсқасы (барлық жаттығуларды бес- алты реттен қайталау қажет)


  • жылтылдағыш (нүктелер белгілік жиілікпен жанады және өшеді); кескіннің жаңару жиілігі қаншалықты төмен болса, аккомодация (көздің фокусталуы) нақтылығы соншалықты төмен болады.

Компьютерлік кескіннің табиғи кескіннен осы барлық айырмашылықтары жанар жүйесінің жоғарғы шаршағыштығына әкеп соқтыратын факторлар болып табылады.
2.2.2./2.1340-03 СанЕжН ұсынатын физкультуралық минуттар көп жұмыс уақытын алмайды, алайда көз жанарын нақты сақтайды және ағзаның жалпы хал-ахуалын жақсартады (6.4-сурет).
Регламенттелген үзілістерді жаттығулар кешенін орындауға және көз, қолдың саусақтары үшін гимнастика жасауға, сондай-ақ массажға пайдаланған дұрыс болады. Жаттығулар кешенін екі-үш аптадан соң ауыстырып тұрған тиімді.
Жоғары кернеулі жұмыс орындайтын ДЭСМ
пайдаланушыларға арнайы жабдықталған жайларда
(психологиялық жеңілдеу бөлмелерінде) регламенттелген үзілістер кезінде және жұмыс күнінің соңында психологиялық жеңілдеу көрсетілген.
Сондай-ақ медициналық-профилактикалық және сауықтыру шаралары қарастырылған. ДК-де жұмыс істеуге жүктілігі белгіленген уақыттан бастап және бала емізу кезеңінде әйелдер жіберілмейді.
Алыстан көрмеушілік, жақыннан көрмеушілік және басқа

рефракцияның бұзылулары көзілдірікпен реттелуі тиіс. Аккомодациялық бұлшықтардың шаршауын алып тастау және оларды жаттықтыру үшін Relax, «Русский щит» («Орыс қалқаны») түріндегі компьютерлік бағдарламалар пайдаланылады және соңғысы денсаулық сақтау саласы мамандарының қолдауына ие болып, «медициналық тағайындау бұйымы» мәртебесін алған. Ол өзін монитордың электрмагниттік сәуелелендіруінен және электрстатикалық алаңдарынан қорғаудың және экрандағы кескіннің сапасын жоғарылатудың сенімді құралы ретінде көрсетті. Оның жиынтығына емдеу-профилактикалық және компьютерлік қорғау бағдарламаларының кешені бар CD-ROM қоса беріледі. ЛПО-жаттықтырушы көзілдірігі секілді жанар профилактикасының аса жаңа құралдарын пайдаланған тиімді.
Көз гимнастикасынан басқа, өзінің тамақтану рационы бойынша қамқорлық жасау, жанардың өткірлігін жақсартатын өнімдер қосу ұынылады. Жанар үшін грейпфрут пайдалы. Оның бүтін күйінде, қабығын тазаламай жеу керек. Грейпфруттың балдыры шырынына қарағанда, көз үшін барынша пайдалы. Жанарды жақсарту үшін минерлдар мен микроэлементтер қажет, цинк солардың бірі болып табылады. Асқабақ дәнінде, грек жаңғағында, кешью жаңғағында оның мөлшері көп. Балғын капустадан және асқабақ дәнінен әзірленген салат — артық сәуле сезгіштіктен жақсы қорғаныс.
К витамині біздің жанарымыз үшін қажет. Ол капуста құрамында бар. Ашытылған капуста ерекше пайдалы. Капустаны шикі күйінде пайдалану қажет, себебі В витамині жылулық өңдеу барысында ыдырайды.
С витамині де жанардың жақсаруына ықпал етеді және ол мүк жидегі мен лимонда, сондай-ақ қарақатта басым болады.
Балғын қызанақ пен сәбіз барлық витаминдердің қоймасы болып табылады және олар да жанар үшін пайдалы. Қара жидек көздің өткірлігін жоғарылатады және жанар функцияларын жақсартады.
Қол бос уақытты әрекетсіз және белсенді демалысқа (тренажерларда жаттығу, жүзу, велосипедте жүру, жүгіру, теннис, футбол ойнау, шаңғы, аэробика, паркте, орманда серуендеу, экскурсиялар, музыка тыңдау) пайдалану ұсынылады. Жылына екі рет (көктемде және күзде) витамин треапиясы курсын өткізу ұсынылады.
Қосымшада берілген практикалық тапсырмаларды, тест тапсырмаларын және дербес жұмыс үшін тапсырмаларды орындаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет