Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



бет38/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Жарықтандырудың қандай түрлері бар?

  2. ДЭЕМ-де жұмыс істеу барысында жұмыс орынында жарықтандырудың қандай түрлері болуы тиіс?

  3. Эргономика деген не, ол не үшін қажет және нені зерттейді?

  4. Ақпаратты өңдеу жөніндегі шебердің жұмыс орыны

жарықтандыруды, жайдың ауданын, терезе ойықтарын есепке алғанда, қалай дұрыс орналастырылуы тиіс?

  1. Компьютерлік техниканы орналастыру барысында жиһаз қандай талаптарға сәйкес келуі тиіс?

  2. Адамның антропометрикалық көрсеткіштерін есепке алғанда, компьютерлік столды қалай дұрыс таңдап алу қажет?

  3. Жұмыс креслосын (орындықты) қалай дұрыс таңдап алу қажет?

  4. ДЭЕМ-мен жұмыс барысындағы еңбек және демалыс режимі қалай регламенттеледі?

VII ТАРАУ
КОМПЬЮТЕР ТЕХНИКАСЫМЕН
ҚАУІПСІЗ ЖҰМЫСТЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ

7.1.

ЭЕМ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҒЫ
Компьютер - оны дұрыс пайдаланбау жарақатқа және басқа да жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін күрделі құрылғы. Сондықтан құрылғыларды дұрыс пайдалану, сондай-ақ компьютер мен басқа да есептеу техникасымен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтау өте маңызды
Дербес компютермен жұмыс барысында еңбекті қорғау жөніндегі оқшауландырылған нұсқаулықтар Ресей Федерациясының Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі министрлігінің 02.07.2001 жылғы №16 бұйрығымен бекітілген және Ресей Федерациясының Байланыс қызметкерлерінің бүкілресейлік кәсіподағының 20.04.2001 жылғы №4-380 хатымен келісілген Компютермен жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау бойынша тұрпатты нұсқаулықтың (ТҚН Р-45­084-01) негізінде жасалуы тиіс.
Бұл тұрпатты нұсқаулық қауіпсіздіктің жалпы талаптарын, жұмысты бастау алдындағы, жұмыс барысы мен жұмыс аяқталған кездегі және де апатты жағдайдағы қауіпсіздік талаптарын регламенттейді. Қызметкердің есептеу машиналарымен жұмыс істеу кезіндегі құқықтары мен міндеттеріне ерекше назар аударылған. Одан өзге, Нұсқаулықтың 1- қосымшасында дербес компьютермен еңбек ету қызметінің жұмыс ауысымының ұзақтығы, түрі және санатына байланысты регламенттелген үзілістер уақыты толық көрсетілген.
Осы Нұсқаулыққа сәйкес, дербес компьютермен жұмыс істеуге медициналық тексеруден өткен (және осы мамандық бойынша жұмыс істеуге медициналық қарсы көрсетімі жоқ), сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқамадан және жұмыс орнындағы нұсқамадан өткен жасы 16-дан асқан тұлғаларға рұқсат етіледі. Бұндай қызметкерлер жұмыс орнында атқарып жатқан жұмысы бойынша еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне оқытудан өтулері тиісті.
ЭЕМ-де жұмыс істеу барысында қауіпті және зиянды факторларды азайту немесе алдын алу үшін келесі іс-әрекеттер ретін сақтау қажет:

  • ЭЕМ-де жұмыс істеудің алдында қосу кабельдерінің жерге дұрыс тұйықталуын, тұтастығын тексеру;

  • ЭЕМ-ды қосу тәртібін сақтау;

  • жұмыс барысында жұмыс орнының реті мен ЕҚ және ҚТ ережелерін сақтау;

  • жұмыстың арасында үзілістер жасау мен гимнастика туралы ұмытпау;

  • белгіленген тәртіпте жабдықты сөндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет