Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


СКАНЕРЛЕР МЕН БАСҚА КӨШІРУ- КӨБЕЙТУ ТЕХНИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ



бет45/67
Дата19.01.2023
өлшемі0,81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
СКАНЕРЛЕР МЕН БАСҚА КӨШІРУ- КӨБЕЙТУ ТЕХНИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Егер компьютерге графикалық кескін немесе бірнеше бет баспа мәтінді енгізу қажет болса, сканерді ештеңе ауыстыра алмайды. Қол және планшеттік сканерлер бар. Планшеттік сканерлер (7.14. сурет) сыртқы түрімен көшіру аппараттарын еске салады. Шығыс кескін шыныға салынады, қақпағы жабылады, содан кейін оптикалық жүйемен түпнұсқа кескіні өңделеді және жарық сезгіш жартылай өткізгіш элементке беріледі. Аналогтық-цифрлық қайта құрушы дабылды цифрлық нысанға қайта құрады. Бұл өте жылдам және ыңғайлы тәсіл. Сканерлер ақ-қара түсті, сондай-ақ түрлі-түсті режимдегі ақпаратты да таниды.
Қол сканерімен (7.15. сурет) оператор өзі түпнұсқа бойынша жүргізуі тиіс, артынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен дабыл өңделеді.
Көшіру функциялары бар көптеген заманауи көпфункциялы құрылғылар сканерлегіш модульмен қосылған бүріккіш немесе лазерлік принтерден тұрады. (7.14, 7.15. суреттерді қараңыз). Алайда классикалық көшіру аппараты лазерлік принтер негізіндегі көшіргіштен біршама ерекшеленеді. Негізгі өзгешелігі кескінді жарық сезгіш барабанда қалыптастыру тәсілінде: лазердің орнына көшіру аппараттарында жоғары вольтті коронирлеу пайдаланылады. Бұл тәсіл ауадағы озон мен азот тотығының едәуір жоғары шоғырлануын шарттандырады. Көшіру аппаратымен жұмыс істейтін адамға ықпал ететін барлық басқа зиянды факторлар лазерлік принтердегі ықпалдарға ұқсас.
Алайда қалыпты офистік принтерлерден өзгешелігі көшіру аппараттары әдетте барынша жоғары өнімділікке ие, яғни, көшіру аппаратының жұмыс барысында бөлетін зиянды заттары да едәуір жоғары. Қызметкердің денсаулығын қорғау мақсатында, көшіру техникасымен жұмыс істеуге арналған өндірістік жайларға қойылатын талаптарға оларды қүрастыру және жасақтау барысында немқұрайды қарауға болмайды:

  1. офистік техниканың көшіру-көбейту учаскелерін

ғимараттардың подвалдық жайларында орналастыруға жол берілмейді;

  1. бір жайда электрографикалық және жарықпен көшіргіш жабдықты, электрографикалық және фотокөшіргіш аппараттарды орналастыруға жол берілмейді;

  2. жабдықты орналастыру көшіргіштер, принтерлер және аппараттар механизмдерінің барлық бөліктеріне қызмет көрсеу үшін де, жөндеу үшін де еркін жету мүмкіндігін есепке ала отырып жүргізілуі тиіс;

  3. көшіру-көбейту жұмыстары үшін жайлардың есіктері ойықтарының табалдырықтары болмауы тиіс (немесе пандустармен жабдықталуы тиіс); есіктер шығатын жаққа қарай ашылуы тиіс;

  4. жайлардың ішін өңдеу үшін пайдаланылатын материалдарға Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары мен мекемелерінің рұқсаты болуы тиіс;


  5. 7)
    жайлардағы едендердің жоғарғы беті тегіс, сырғанамайтын, тазартуға және ылғалды жинау жасауға қолайлы болуы тиіс, еденнің жабуы антистатикалық ерекшеліктерге ие болуы тиіс;

көшіру-көбейту жұмыстары учаскелеріндегі жарық ортасының көрсеткіштері «Табиғи және жасанды жарықтандыру» 23-05-95 СнжЕ талаптарына сәйкес келуі тиіс;
8) жалпы және жергілікті жарықтандыру қондырғыларында жарық көздері ретінде, әдетте, ЛБ типті газ разрядты лампалар қарастырылуы тиіс. Жалпы және жергілікті жарықтандыру жүйесіндегі шырағдандардың сәуле ыдыратқыш арматурасы болуы тиіс;
Мұндай құрылғыларда жұмыс істейтін қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет және еңбек уақыты мен демалыс уақыты туралы ұмытпау, кәсіптік аурулардың алдын алу және мезгілімен анықтау үшін дер кезінде медициналық тексерулерден өтіп тұру қажет..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет