Бастапқы қалып — негізгі тұрыс. «Бір» санына» — иықты көтеру, «екіге» — оларды төмен түсіру. Жаттығуды бес реттен кем емес қайталау, одан кейін 2 с. пауза жасау және иық белдеуінің бұлшықтарын босату. Жаттығу баяу орындалады. .
Бастапқы қалып — қолдар кеуденің алдында бүгулі. «Бір-екі» санына — бүгулі қолдармен артқа қарай екі ырғақты жұлқыныс. «Үш-төртке» — тура сол түзу қолдармен. Орташа қарқынмен бес реттен кем емес орындалады.
Бастапқы қалып — аяқтар тұрысы бөлек. «Бір-екі-үш-төрт» санына — қолдарды артқа қарай төрт жүйелі айналдыру (шеңбер сызып жақтан сияқтымыз). «Бес, алты, жеті, сегізге» — сондай айналулар алдыға қарай. Қолдарды қатайтпау, денені бұрмау қажет.. Орташа қарқынмен бес реттен кем емес орындалады. Жаттығу орындалғаннан кейін— бұлшықтарды босаңсыту
Денеден және аяқтардан шаршауды алып тастау үшін жаттығулар кешені
Бастапқы қалып — негізгі тұрыс.. «Бір» санына» — солға қадам, қолдарды иыққа қою, иілу. «Екіге» — бастапқы қалыпқа келу. «Үш- төртке» — соны қайталау, тек басқа жаққа қарай. Алты реттен кем емес қайталау керек. Жаттығуды баяу орындау қажет.
Бастапқы қалып — аяқтар тұрысы бөлек. «Бір» санына» — тізені бүгіп тірелу, «екіге» — бастапқы қалыпқа оралу. «Үшке» — алдыға еңкею, қолдар алдыда. «Төртке» — бастапқы қалыпқа оралу. Алты реттен кем емес қайталау. Жаттығу орташа қарқынмен орындалады.
Бастапқы қалып — аяқтар тұрысы бөлек, қолдар бастың артында. «Бір- екі-үш» санына — бөксені бір жаққа қарай айналдыру қимылдары. «Төрт, бес, алтыға» — екінші жаққа қарай қимылдар жасау. «Жеті, сегізге» — босаңсу, қолдарды төмен түсіріп, саусақтарды сілкілеу. Төрт реттен кем емес қайталау. Жаттығу орташа қарқынмен орындалады.
VII ТАРАУ 1. Жабдық профилактикасы үшін арнайы құралдарды пайдалана отырып, келесі құрылғылар үшін профилактикалық шаралар жүргізіңіз:
монитор — экранды арнайы салфеткамен тазалауды орындаңыз, бүйір беттерін шаңнан тазартыңыз. Қажет болған жағдайда монитордың жөнге салынуын дұрыс реттеңіз;
жүйелік блок — электр қорегін өшіріңіз, жүйелік блоктың коорпусын ашыңыз, сөйтіп тұрмыстық шаңсорғышты пайдаланып, шаңды алып тастаңыз. Арнайы салфеткамен жүйелік блоктың сырт жағындағы кір мен шаңды сүртіңіз;
цифрлық камералар мен фотоаппараттар — арнайы құралдарды пайдалана отырып, линзаларды кірден тазартуды жүргізіңіз. Арнайы құралдарды пайдаланып, камераның сырт жағындағы кір мен шаңды сүртіңіз;
сканер, принтер және басқа құрылғылар — осы үшін арналған арнайы құралдарды пайдалана отырып, құрылғыларды шаңнан тазартыңыз.
2.Плакаттарды (немесе бюллетеньдерді) жасаңыз және ресімдеңіз