Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері


Егер аілкындалған нақт ы бір ж ағдайларда м ән н ің толысуы



Pdf көрінісі
бет100/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128
Егер аілкындалған нақт ы бір ж ағдайларда м ән н ің толысуы, 
жетілгендігі соларға caù іске асу формаларыи неғұрлым мүмкін етсе, 
неғүрлым міндетті етсе, осы мүмкіндік, осы міндеттілік, осындай 
бағыттылык

ол кажеттілік.
Осындай бағыттылық кейде бүлтарт- 
пайтындай сипатқа ие. Осындай міндетті сипаттағы бағыттылық 
бүрынғы қалыптасып келген шындықтан, әсіресе өмір сүрудің өз мәнін 
негүрлым жетілген, жоғары дамыған дәрежеде іске асырған, болмыс­
тык формаға ие болған жағдайларынан туындайды. Өмірдегі бар 
шындық, толыскан, ішкі куатына толық ие болған шындык өзін одан 
әрі үнемі қайталап, қайта жанғыртып, негіздейтін бағыттылық туғыза- 
ды. Іске асқан формалар, яғни шындык, срндай жағдайлардың озі. 
Яғни қажеттілік жалпы алғанда мәннен туьіндайтыны даусыз, бірак 
мәннің іске асқан формаларынан туатын мүмкіндіктер. Оның үстіне 
олардан туындайтын мүмкіндіктердің ішіндегі ең куатты мүмкіндері. 
Бірақ өмірде, әсіресе оның күрделі формаларында, алаңсыз бүлтарт- 
пайтын (абсолюттік) қажеттіліктер болмайды. Ол өмірдің белгілі бір 
формада алаңсыз түйықталғандығы болар еді. Ол онда өмірдегі 
өзгерістердің, әсіресе дамудың аяқталғандығы. Яғни бір форманың 
мәңгі қайталана беруі.
Кджеттілікті ішкімен, ал кездейсоқтыкты сыртқымен тендестіріп 
сонымен бір нәрсе деп үғу теріс. Қажеттілік бар нәрсенің, соның 
ішінде неғүрлым толысқан, неғүрлым іске асқан, өмір сүріп отырған 
формалардың ішіндегі неғүрлым өктем формалар бағыты деуге бола­
ды. Олар іске аспай түрғанда - коптеген мүмкіндіктердің біреулері 
ғана. Яғни коптеген мүмкіндіктердің катарында олардың іске асуы 
накты жагдайлардың кездейсок нәтижесі. Баскаша да болуы мүмкін 
еді. Бірақ нақты, үнемі өзгеріп жататын жағдайлардың тап осы нәти- 
жені туғызуы - кездейсоқтық. Бірак ол нәтиже м әннің дамуын 
неғүрлым толык іске асырған форма болып шықса, онда кездейсоқ 
іске асқан нәрсе қажетті формаға айналады. Ол мәннің тап осы фор- 
масының өрістеуі арқылы оны үнемі жаңартып, кайталап отыруға
228


жағдайлар жасайды. Басқа да іске асқан, бірақ м әннің дамуын 
жеткілікті орістете, бскіте алмаған формалар екінші қатарда болуы 
тиіс. Бұдан шығатын қортынды - қажеттіліктің өзі кездейсоқтық, ең 
алдымен оны ң шығу тегінің өзі кездейсоқты қ, себебі, ол көп 
мүмкіндіктердің бірі еді, белгілі бір жағдайларда ғана ол кездейсоктық 
қажеттілікке айналып өмірге жолдама алды. Алғаш бастан кездейсоқ, 
жеке бір өмір сүруде ғана іске асқан, сол жалпы мәннің бір басқа 
өмір сүрулерде жоқ ерекше түрінің өзін неғүрлым қайталай, бекітіп, 
жаңа көктеген жеке өмірлерін тудырып жатса, ол кайталанбас бір 
жалкылықтан коптеген өз жеке туындыларына және бір жалпы мән- 
ге, октем мәнге айнала алады. Сол сиякты жалпылықтың бір жағдай- 
ларда орісінің азайып, ақырсында бір жалкылыкка айналуы да ыкти- 
мал. Мүндай жағдайларда олардың туғызатын мүмкіндіктерінің өзі 
бірде қажетті, міндетті іске асушылық қасиетін үдетіп, ал екіншіде 
қажеттілік қуаты әлсіреп, жоғалып кездейсоқ өмір сүруге айналуы 
хак.
Кездейсоқ оқиға, нәтиже болуы да, болмауы да мүмкін нәрсе. 
Жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін бір тоғысуынан пайда 
болған нәтиже іске асканнан кейін де өзінің кездейсоктық сипатын 
алаңсыз жоймайды. Ол тап өзінің тууына колайлы бірақ кездейсок 
жағдайлардың жоғалып кетуіне қарай, тағы да кездейсоқ жоғала са- 
луы мүмкін. Тек кана кездейсоқ өмір өзінің нығайуының, болмыста 
бекінуінің жағдайларын өзі өркендете алса, сонда ғана сол кездей- 
соқтық өзін қажетті форма ретінде дамыта бастайды. Яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет