Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет104/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128
Спиноза Б.
Этика. Санкт-Петербург, 1993, С. 9.
234


майтын тек қалдық емсс, ол барлық өзгерістерде де сақталатын жэне 
ешбір қажетті мазмүнды артқа тастамай үнемі қайта жасап отыратын 
әрекет етуші де. Яғни ол субстанция - субъект. Субстанция белсенді 
нәрсе. Оныц барлық озгерістерінің бастамасы да, аяқталатыны да 
өзі. Ол өзінен өзі дамиды. Оның дамуы өз ішкі қайшылықтарынан, 
өзіне өзінің өрқашан сойкессіздігінен. Тынымсыз өзгерісте үнемі өзін 
ілгері итеріп отыратын, үнемі әрекет қалпындағы субстанция - субъ­
ект, әрине, ол табиғат емес, ол - абсолюгтік Рух. Абсолюттік рух 
табигатты да, адамдар тарихын да өзі тудырады, олар оның нақты 
болу формалары, дәлірек айтсақ, дамудағы сатылары. Субстанция өз 
туындылары үшін бүлтартпайтын қажеттілік. Жекеліктер оның көріну 
формалары гана. Рухтың тарихи дамуында адамдардың барлығы да 
оның қимылға келтіретін куыршақтарындай ғана.
Гегель субстанцияның моңгілігін тынымсыз өзгерістен, әсіресе 
дамудан көрді, яғни оның ойынша тек үнемі өзін өзгертіп, жаңадан 
туғызу, жасау аркылы ғана өзін мәңгі сақтай алады.
Маркс бүл жөнінде айрықша философиялық мүралар қалдырган 
жоқ. Бірақ, оның еңбектері мен қолжазбалары осы мәселеге жақын 
философиялық ойларға толы. Олар, әрине, адамның экономикалық 
қызметіне жасалған талдауларға байланысты. Ф.Энгельстің ойлары- 
ның барлығын Маркстің ойлары деу қиын. Маркс, бірақ, бүкіл олемніц 
түпкі бірлігі, түпкі негізі хақында болмаса да, адамдар қоғамында, 
оныц әсіресе экономикалық саласында барлық қүбылыстарды түбінде 
бір нәрсе екендігі жөнінде өз түрғысын айқындаған. Оның ойынша 
қоғамдық омірдің түпкі негізі адамдардың өздері. Бүл, бірақ, тым 
жалпы. Ол негіз - харекет етуші, еңбек етуші адамдар, олардың осы 
іс-әрекеттері. Қоғам харекет, іс-қимылдағы адамдардың өзара каты- 
настары. Яғни бәрі адамдардан, олардың іс-әрекеттерінен басталады. 
Марксте, бірақ, бірліктің түпкі негізі кез келген харекеттер, істер емес, 
материалдық, яғни экономикалық іс-әрекеттер, екінші жагынан алган­
да - қатынастары - бүкіл коғамдык бірліктің түпкі негізі. Барлық ру­
хани дүние, ойлар мен рухани қатынастар, когамдық институттар сол 
негіздің үстіндегі қондырмалар. Субстанция, олай болса, - экономи- 
калық қатынастар, сол қатынастарды түзейтін адамдар.
XX гасырда субстанция туралы бүрыннан қалыптаскан үғым- 
дарга үлкен өзгерістер ене қойған жоқ. Бірақ субстанция категория- 
сы ны ң ф и ло со ф и я мен гы лы мдағы , жалпы ойлау үрдісіндегі 
озгерістерге байланысты алатын орны басқаша бола бастагандай.
Эмпирикалык танымға байланысты үрдістердің кайта жанданган- 
дығы бар, бірак, бүл бағыт XX ғасырда басты агымға айнала алған 
жоқ (Рассел, Поппер). Бүл бағыт, сөз жоқ, субстанция идеясын мой- 
ындамайды .
235


Бүрын да айтылғандай XX ғасырдағы философияның негізгі ерек­
ше белгісі - өткен ғасырлардағы қалыптасып, дамып келген жалпылық 
идеясының үстемдігіне карсы әртүрлі жекеліктің дербестігіне құрьшған 
қағидалар. Солардың бір көрінісі - субстанция идеясына теріс көзқарас. 
Оны көбінесе субстанциалдық концепцияларға сыннан көруге бола­
ды. Ондай сынның жалпы ақиқаттық белгілі негізі бар.
Субстанциялық, яғни барлық саналуандықтың түпкі бір-ақ негізі 
бар дейтін ой жүйелерінде белгілі дәрежеде кашанда жекеліктің мәнін 
төмендету бар. Кейде солай төмендету дүниені біркелкілікте көрсету- 
ге дейін жетеді. Белгілі дәрежеде дүниенің біркелкіліктік бейнесі 
бүрынғы ой жүйелерінің бәрінде дерлік кездеседі. XX ғасырдың фи- 
лософиялық ойы осы біркелкіліктің бейнесін бүзды.
Жинақталған өмірлік, рухани тәжірибе, қазіргі білімдеріміз же- 
келіктің субстанциалдық ой жүйелерінде көрсетілетініндей мазмүнын 
тіпті басқаша екенін аша бастады. Жекелік, күбылыс, кездейсоқтық, 
сырткы, форма, модус немесе акциденция дегендеріміз мәнніц, 
бірліктің, қажеттіліктің, субстанцияның коріну формалары ғана емес, 
олардың бірден бір болу жолы екен. Көріну формасы деу қүбылыс- 
тың мәнге, модустың субстанцияға катысы шамалы деген соз. Мән, 
субстанция онда өзінің қүбылыстарынан, модустарынан тәуелсіз, 
негізінде тәуелсіз, ол оларсыз да бола алады деген мағына береді. Ол 
субстанцияның модусқа үстемдігі. Егер мон, субстанция, қажеттіліктер 
сондай озінен өзі бола алатын болса, онда олардың өзі де бір же- 
келік, қүбылыстың дәрежесінде болар еді. Шындығында субстанция 
идеясы көрсететін түпкі бірлік - ол бірдейлік емес және бір ғана нәр- 
сенің өзін көбейтуі емес. Бірліктің озі жекеліктерден, жалқылықтар- 
дан туындайды. Әрбір жалқылық өзінің ішкі бірлігін өзі қалыптасты- 
рады. Ягни субстанцияның орнығуы модустардан басталады. Егер суб­
станция модустарды қалай қамтыса, модустар да субстанцияны озінің 
ішкі бірлігі ретінде қамтиды. Әрбір модус субстанциядан тумайды. 
Модус жалқы, аяқталған өмір ретінде түпкі бірлігін өз ішінде әркашан 
қайта жасап, тудырып, қалыптастырып отырады. Модустардың озара 
бірлігі оларға дейін болған және соларды туғызатын субстанцияның 
өзіне бір ерекше түр беруінен емес. Әрбір модус жеке бір жалқылық 
ретінде субстанцияның кайта тууы, қайта жаңаруы.
Модустар субстанциядан туа алмаса, онда түпкі бірлік бір-біріне 
тәуелсіз жалқылыктарда жоғалып кетпей ме? Онда түпкі бірліктің 
болмағаны ма? Егер түпкі бірлік белгілі бір аяқталған, кеңістік пен 
уақытта бастауы мен шегі бар жалқылықтың ішкі бірлігі болса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет