алатын мүмкіндіктің бірі. Бірақ,
көпшілік жағдайда, ол белгілі бір
нәрсені өзіне мөн етіп жүреді. Осы мәннің жеке адам психикасын-
дағы нақты түрі - пиғыл (мотив). Пиғыл емес (ол туралы кейін әңгіме
болады) мақсаттар, мүктаждықтар адамда коп болуы мүмкін, ол жеке
іс-әрекеттерге байланысты, ал жеке адамның психикасының бүтін
ететін пиғыл қалыпты жағдайда біреу-ак болуы тиіс. Адамда негізгі
бір пиғыл бар болатын болса, басқа мүқтаждықтар, мақсаттар оларға
байланысты іс-әрекеттер
сол пиғылды қанағаттандырып, соны іске
асыруға бағытталады.
Сонымен әрбір дара “менді” психикалық жағынан түтас ететін
оның озгеше пиғылы. Бірақ адамдардың өздері жасайтын қоғамдық
қатынастар, тәртіптердің ішкі қайшылықтарына және жеке адамдар-
дың дамуындағы ерекше қайшылықтарына байланысты коп адам-
дардың болмысы екі айрылады. Адамдардың өздерінен аулактанған,
өздеріне қарсы түрған, тіпті өздерін багындыратын, ягни жат болған
күштері де оның жан дүниесінде өзінін орнын табады. Олар да адам
дар дың көбісінде оның бір мүқтаждықгары,
белгілі бір пиғылына
айналады. Яғни өзіне сәйкес үмтылыстар туғызады. Ол күштер неме
се жағдайлар оның өз дамуына, жеке болмысына, еркіндігіне қарсы
бағытталғандықтан, олар адамда қалыптасқан пиғыл ретінде де онда
өзін соларды бағындыруға, қүрбан етуге, шектеуге бағытталынған,
яғни өзіне жат үмтылыстар туғызады. Сонымен бірге көп адамдарда
өз еркіндігіне,
дербестігіне, мүқтаждықтарына негізделген пигылы да
жоғалмайды. Олай болса, мүндай пиғыл адам жанында қалыптасқан
болса, олар алғашқы пиғылға қарама-қарсы. Адамның еркіндікке, дер-
бестікке үмтылуы оның түпкі мүқтаждыгы болғандықтан, олар оның
жанында алаңсыз жоғалып кете алмайды. Одан туатын мүқтаждықтар
тек әлсіреп, екінші, артқы кезенде калуы мүмкін. Сондықтан адам
дар болмысының екі жарылуы олардың жан дүниесінің екі жарылып,
оларда екі түрлі “мен” қалыптасатынына байланысты. Оның үстіне
олардың әр кайсысының бір-біріне қайшы, қарама-қарсы, түрган,
үнемі жауласу. жағдайында түратын “м ен” болуы, әрине, оның түтас-
тығын бүзады. Адамның өзімен өзінің қайшылығы туады. Оның
өмірінде қарама-қарсы бағыттар пайда болады.
Онда адамдардың
бәрінің өздерін басқару функциясы оларға қарсы түрган, өздерін ба-
сып жаншып, субъектілік қасиетінен айыруға үмтылатыны белгілі.
Оған біздерге танымал Кеңестік жүйені талдаганбыз. Кеңестік жүйе-
де барлық қызмет орындары мемлекеттік іске айналатынын айттық.
Әрбір дихан, әрбір бақташы мемлекеттік қызметті атқарады. Мемле-
кеттік емес қызмет жоқтың қасы. Олай болса, адамның өзі де мемле-
кеттің меншігі. Тек қана үй ішінде ғана ол өзіне өзі ие сияқты. Қоғам-
дық өмір, ресми немесе мемлекеттік салага және әр адамның жеке
78
оқшау тіршілігіне бөлінген. Сол өмірдің рухани көрінісі ретінде адам-
дардың пиғыл, тілек, мүқтаждық, тіпті армандарына дейін екіге
бөлініп, әрбір адам өмірінің ресми бөлігінде жеке түлғаның өз толы-
суын,
дамуын мансұқ етіп, басып отыруды нағыз биік мұрат деп
түсінеді. Осындай пиғылдың түрғысынан әркімнің өз тағдырын өзі
анықтап, қандай жолмен жүретінін өзі шешуі кешірілмес күнәдай.
Осыған иланған адамдар үшін сондықтан ресми қызметінде, ресми
дүниеге күдіреттей табынып, өз бойындағы жекеліктің, өзгешеліктің
әсіресе дербес мақсат пен мүқтаждыктың барлығынан ада болып, өзін
сол құдіретті ң тек қана қүралындай сезініп бару борыш. Тіпті мүмкін
болса өзін өзі үмытқан жөн. Ал сол адамның өзіне, өз басының даму-
ына
екінші бір мақсат, мүрат, армандар үнайды, олар оны басқа
бағытқа жетелейді. Осы екі пиғыл олардан шығатын екі бағыттағы
мақсаттар, мүқтаждықтар дамыған жағдайда адам жанындағы пиғыл-
дарының тартысына тіпті кейде бітіспес араздығына душар етіп, пси
хикалык дерттерге (психболезни), невроздарға соқтыруы да мүмкін.
Мүндай қоғамдарда бірақ, бір-бірімен сыйыспастай карама-қарсы
жақтар әрбір адамның ідызметі мен өмірінде өзара жанаса бермейтіндей
дәрежеде екіге бөлінген. Ресми кызметте адам соның талаптарына
сай пиғылын іс атқарса, яғни соған сәйкес келетін “мен” болып жүрсе,
ресмиден тыс өзіндік жеке тіршілігіне ауыса сала ол басқа пиғылына
сәйкес екінші “мен” болып шыға келуі мүмкін. Бүл әрине, адам жа
нында осындай екі түрлі пиғыл да қалыптасқанда, яғни ресми дүни-
енің де мүддесін жан-тәнімен қоштап,
әрі олармен сыйыспайтын өз
мүдцелері де оған ыстық болса. Сөз жоқ, барлық адамдардың жанын
да екі пиғыл да сондай қуатты дамып, толассыз араздық пен тайтала-
ста бола бермейді. Олардың араздығын бір дүниеден екіншісіне өту,
сүйтіп бір пиғылдың уақытша үстем болып, екіншісінің кейін ығыса
түруы бәсендетеді, бірақ жойып жібермейді.
Ескерте кететін жай: коп адамдарда осындай “мендерге” боліну
болмауы да мүмкін, себебі екі “меннің” біреуі қалыптасып, екіншісі
біріншісінде жоғалуы болады. Немесе жеке адам оған зорлықпен
таңылатын
нормаларды бойына дарытпай, сыртқы күштерге оз жа
нында ешбір орын бермеуі мүмкін. Ол сондықтан тек өзі калаған бір
пиғылға қызмет етеді. Бүл жерде біз айтылған жайлардың қайсысы
оңды деген мөселені қарап отырған жоқпыз. Олардың қайсысы оңды
деу үшін әр пиғылдың нақты мазмүнына талдау жасау керек болар
еді. Ондылықтың олшемі деп әр адамның толық субъект болып, еркін
жағдайда өрістеуін айтқанбыз. Осы түрғыдан ресми мүдделер де, жеке
адамның өзіне ғана бағышталатын пиғылына да нақты мазмүнына
қарай баға беруге болады. Айтылып отырған жағдай: адам өз жан-
дүниесінде бір-біріне жат әлемдерге бөлініп жіктеледі.
79