Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет25/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
§
 
5

Адамдык, “Мен”. “Меннің” рефлексиялық 
табиғаты
Сананыц рефлексиялык табигаты жонінде айтқанда біз адам 
әрбір саналы түрде қабылданатын тыскы нәрселерді ғана көрмейді, 
білмейді, ол сонымен бірге оны қабылдап, көріп, түйсініп түрған өзі 
екенін де біледі дегенбіз. Яғни өзгені озімен бірге, сол қатынаста
74


көргенде ғана ол саналы. Олай болмаса адам психикасы сырткы нәр- 
сені сезінуден өзін сезінуді ажырата алмас еді. Онда екі жағы да ара- 
ласып түтас, бөлектелмеген бір процесс болар еді. Хайуанаттар да 
осылай болуы мүмкін. Адам өзін басқа дүниеден ажыратады. Себебі, 
оның дүниеде болу жолы да басқа дүниеден тіпті озгеше. Ол сыртқы 
дүниенің барлығын сезіну оның өзінің барлығын сезінумен түтасып 
бір ағымға айналып кете алмайды. Осы түрғыдан алып Караганда, 
сана адамның өзін өзі саналы түрде қабылдау (самосознание) болып 
есептеледі. Бірак оның дәрежесі сан түрлі: сыртқы заттарды, оқиғалар- 
ды т. т. нәрселерді қабылдауы, сезінуі алдыңғы қатарда, басым бо­
лып, ал өзін өзі сезінуі, қабылдауы одан әлдеқайда әлсіз, күңгірт, 
көмескі болуы ықтимал. 3.Фрейд саналы деп сыртқы нәрселерді 
қабылдауы деп айтамыз деуі осыган сүйенеді. Ол онда адамның өзін 
өзі қабылдауы да бар екенін көрмейді. Егер адам сыртқьі нәрсені 
озінен ажыратып, онымен өзінің арасында дистанция, өзгешелік ба- 
рын сезбесе, кору саналы процесс бола алмайтынын 3.Фрейд түсіне 
алған жоқ. Сырткы дүниеде таныған, меңгерген заттардыц табигаты 
адам қызметініц нәтижесіне айналғанда ол адамдық мүқтаждыққа, 
мәнге ие болып, адамдық сипатқа еніп, озгертілетінін айтканбыз. Ол 
мәдениет заттары, адам тәнінен тыс объективтенген процестер сыртқы 
дүние туралы гана сыр шертпейді, адам туралы да сыр шертеді. Сырт- 
тан меңгерген магына адам ойында адамдық дүниеге бейімделіп, адам­
дык сипатқа ие болады. Бүл процесте адам сол озгерген бейнеге, 
мазмүнга, функцияга өзінен тыс форма береді. Адамның сыртқы дүни- 
ені коруде сол дүниеден озін де коруініц сыры осында, осы озіне озге 
болмыс беруінде.
Бүл әсіресе баска адамдармен озара қатынастарда калыптасады. 
Әрбір басқа адамга, сол адамның барлық озіндік өзгешелігіне багыш- 
талган катынас, екінші жагынан сол кісі арқылы оның өзіне қайта 
оралып, оның өзіндік болмысын айқындайды, бекітеді. Басканың басқа 
болмысы менің озгеше болмысымның айнасы, әрі куәсі. Басқаныц 
өзгеше болмысына менің өзімдік қатынасым оның озгешелігін де, менің 
өзімдігімді де айгактайды. Сол сияқгы басқаның маган қатынасы да 
осылай. Адамдар арасындагы катынастар бір багытта емес, олардьщ 
бәрі де оз иесіне оралып жататын рефлексиялык байланыстар. Онын 
сана дәрежесіндегі мазмүны - эр адамның озін өзгелер арқьшы айгақта- 
уы. Әрбір адамныц “мені” осы қатынастарда айкындалады, бекиді, 
немесе бекімейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет