Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет57/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128
сапалық шекараны
көрсетеді. Олар қаншалықты тектес болғанымен 
бір-бірінен өзгеше. Түптеп келгенде осы айқындықтардың бар- 
лығының осындай қүбылмалы байланыстары, бір-біріне өтіп жатуы, 
бірінен екіншісінің көрініп түруы т.т. қозғалыс, өзгерістердің айкын- 
дықтары. Қозғалыс жэне т.б. категориялар жөніндегі мазмүн сол 
тақырыптарда таусылып, біткен жоқ. Кейінгі категориялар солардың 
мазмүндарын өрбітіп, нактылап, анықтай түседі.
Сапалық шекара - әрбір бірдеңенің өзгете қатынасында, әрбір 
өзгенің бірдеңеге қатынасындағы әрқайсысының озіндік озгешелігінің 
аяқталуы әрі басқа өзгешелікті терістеуі және әрқайсысының өз 
ішіндегі озгені терістеуі, шектеуі.
Осы айтылып өткен формалардың барлығы да (қалыптасу, сапа, 
бірдеңе мен озге т.т.) болмыс пен ештеңенің (ничто) арақатынасына 
күрылған, болмыс пен ештеңенің іштей астасып, бір-біріне өтулерінің 
ф орм алары . Ө йткені еш теңе деген алаңсы з түк емес дегенді 
білдірмейді, ештеңе, ол - белгілі бір болмыстың ештеңесі, белгілі бір 
нақты ештеңе. Бір айқындықтың екінші бір айқындықта жоғалуы, 
ауысуы - бірінші айқындықтың жоқтығы, ол алаңсыз жогалып кету 
емес.
Болмыстық сапалық қатынастар, әрине, адамнан тыс дүниеде 
де бар нэрселер. Сонымен қатар оларды игеретін, оларды оз дүни- 
есіне ендіретін адамдардың болмыс формаларының ішкі өзіндік мәніне 
бағалаушылық қатынасы да көрініп түр. Күнделікті ісінің, түтына- 
тын бүйымдарының табиғат заттарының сапасының жоғары болуын 
қалайтындығы да осы қатынастың жалғасы сияқты. Оның да түпкі 
мәні - әр нәрсенің, тіпті бүкіл әлемнің неғүрлым оз мәніне, өзіндік 
болмысына жақын болуын қалайтыны, соны мүмкін болғанша, жакын- 
датуға үмтылушылықтың белгісі бар. Осы мағынада бүл да адамның 
дүниеге катынасының белгілі бір кыры. Өмірде де біз істің сан жағынан 
осуінен көрі сапалы болуын жоғары қоямыз. Онсыз біз үшін бағалы 
нәрсенің өзі болмауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет