Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет58/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128
§ 9. Материя жэне форма
Үзак тарихи замандардан бері адамзат ойы материяны зат деп 
түсінді, ягни материя дегеніміз - зат. Бірақ заттардың саналуан түрлері 
бар. Жансыз зат, жанды зат т.т.
Материяны затпен барабар деп қараудың біршама үзақ тарихы 
бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі 
тегі белгілі бір зат деген көзкарас болган. Ол ең қарапайым зат. Мы-
138


салы, Фалес үшін ол - су, Анаксимен үшін - ауа, Гераклит үшін - от, 
Демокрит үшін - атом (заттардың ең үсак болінбейтін болшегі) т.т. 
Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыкқан, солардың 
күрамасы, қүрамды заттар сондықтан да түрақсыз, өзгере береді. 
Күрделі заттар бүзылғанда алғашқы қараиайым заттарға бөлінеді. Ал 
қараиайым біртекті заттар түрақты.
Материя осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл 
космостың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртүтастығының шығатын тегі 
ретінде қаралады. Олар үшін әлем ортүрлі заттардың кездейсоқ қосын- 
дысы ғана емес. Әлем біртүтас нәрсе. Алғашқы грек материалистеріне 
біршама диалектикалық козқарас төн.
Жаңа дәуір философиясында (XVII-XVIII г.) қоғамдык ондіріс 
пен гылымның дамуы, қогамдық еңбек бөліністің терендеуі материя- 
ны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механика- 
лық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді ма- 
терияны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың барлығына тән 
ортақ қасиеттері мен байланыстыруга бейім.
Ал XIX ғасырда Фейербах болса материя барлық заттардың 
қосындысы деген козқарасқа ойысады. XX ғасырда гана жаратылыс- 
танудың, соның ішінде физиканың табыстарына байланысты элект- 
ромагниттік орістің ашылуы материалдық күбылыстардың заттан да 
басқа түрлері болатынын анықтады.
Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, таным- 
ның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз за- 
манындағь: өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің 
көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде 
игерді, сол игерген мазмүннан, күштерден қаншалықты дәрежеде 
озінің әлеуметтік дүниесін жасады - міне материя туралы ең алдымен 
когамдық санада туатын көзқарастар осы жагдайларга байланысты.
Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны 
зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан 
көптеген қүралдар жасады т.т., ягни ол заттар дүниесінде тіршілік 
етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Дәуір өткен 
сайын, адамның ондіріс қызметі жан-жақты күрделі процеске ай- 
налган сайын, адамдардың қызметтері саналуан болып кетті.
Адамдар табигаттагы бар заттардан басқа, онда тіпті болмаган 
жэне адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Ол ең алдымен 
күрделілік жагынан табигат күштерімен барабар әлеуметтік орта, 
қогамдық қүрылыс тугызады. Адамдардың іс-әрекеттерінің нәтиже- 
лері де көбінесе заттык формада. Олардың бір-бірімен қогамдық қаты- 
настары заттармен дәнекерленеді. Адамдар өздерін белгілейтін зат­
тармен өзін қоршаган.
139


Ягни адамзаттың бүкіл откен тарихи тәжірибесі оны затқа уни- 
версалдық мән беруге бейім етеді.
Затқа шексіз мән беруге қолайлы ахуал туғызатын дәуір - әсіре- 
се байлыктың мүліктей немесе ақшалай қорланатын кезеңі. Бүл за- 
манда мүліктің, заттың, байлықтың адамдарға үстемдік сипат ала- 
тындығы белгілі. Байлық адамға емес, адам екінің бірінде байлыққа 
қызмет етеді. Барлық өндіріс байлықты толассыз өсіре беру үшін іске 
асады. Ол - өндірістің түпкі мақсаты. Ягни адамның да. Бүл бай- 
лыққа табынушылық психология тугызады. Ал байлық ол заманда 
белгілі бір затпен, ақшамен, көбінесе алтынмен барабар.
Демек адамдардың әлеуметтік дамуының ішкі қайшылықтары- 
ның озі де дүниеде бірден бір мәиді, бірден бір реальды күш осы зат, 
мысалы, байлық деген үгым тугызады. Байлық кімнің қолына тисе, 
сол басқа адамдарга үстем болып шыгады.
Байлық, әрине, адамдардың тарихи қорланган ортақ күші, бірақ 
қогамдық күштердің адамдарга жат күшке айналган заманында олар 
адамдарга тәуелсіз объективтік реальдық күш болып көрінеді. Сон- 
дықтан бүкіл элем, табигат, жалпы материя туралы адамдар санасын- 
дагы үгымдар, дәлірек айтсак, тіпті сезімдер сол әлемді, табигатты 
жеке адамның тікелей сырттай барлап, тікелей бақылаган сөттерінде 
емес, күнделікті озара қатынастарынан туады екен. Өйткені ол қаты- 
настар заттарга байланысты. Адамдардың озара қатынастары түтасы- 
мен алганда олардың барлыгының табигатқа, табигатты меңгеруіне 
байланысты қатынастар. Осыган сөйкес өр заманның адамдары та-- 
бигатқа белгілі бір қогамның көзімен қарайды, оның козі - белгілі бір 
мөдениеттің, оның негізінде жатқан күндылықтың көзі.
Оның үстіне мүндай қогам бүрынгы ру, тайпа сияқты адамдар- 
дың берік топтарын ыдыратып, әрбір жеке адамды басқа адамдардан 
оқшаулатты, алыстатты. Адамның адамга тікелей төуелділігінің ор- 
нына мүлік арқылы дәнекерленген тәуелділік келді. Қогамдық қаты- 
настарында оқшауланган адамдар бір-біріне, жалпы қогамга, озара 
қатынастарына, еңбектің нәтижелеріне, табигатка тек қана объект 
ретінде қарайтын болды. Олардың барлыгы жеке адам үшін пайдалы 
немесе пайдасыз заттар, объектілер. Олардың бәрі де таи осы адам- 
нан тәуелсіз сыртқы күштер сияқты. Бүл жагдай соңгы үш-торт гасырда 
дамыган Европа философиясында, соның ішінде материалистік 
багытқа озінің айқьін табын түсіреді. Тек қана философия емес, бүкіл 
осы дәуірде өрбіген қогамдық ойда Маркстің белгілі термині бойын­
ша “гносеологиялық робинзонада” кең оріс алды. Ол не деген соз? 
Ягни танымда барлық норсеге дүниедегі жападан жалгыз Робинзон- 
ның козімен қарау. Барлық нәрсені белгілі бір түтастықта емес, 
алаңсыз оқшаулықга, тек даралық түргысынан қарау. Дүниені жалпы
140


адамзат, қоғамдық түтастық емес, жеке адамның қатынасы түрғысы- 
нан көру.
Жеке адамның қатынасында материалдық болмыс бір нәрсе, ал 
адамзаттың бүкіл тарихындағы ортақ катынасында ол - тіпті басқа 
нәрсе.
Адамзат іс-әрекеттерінің мәнді нәтижелері көбінесе заттық фор­
мада сакталған. Олар еңбек кұрал-жабдықгардан бастап казіргі үлкен 
қалалар, зөулім ғимараттар, үлы қүрылыстар, көркем өнер шығарма- 
лары, сөйлеу тілі мен музыка тағы тағылар. Бүлардың барлығы адам 
туындылары, тек адамдар қатынастарының шеңберінде ғана мәні бар.
Бірақ жоғарыда айтылған адамның өзі жасаған дүниесінің өзіне 
жат болуы ол дүниені адам жасайтын емес, керісінше, олар адамды 
жасайды, адамдарды қалыптастырады деген көзқарасты туғызады.
Зат, әрине, материяның белгілі бір түрі. Бірақ бірден бір түрі 
емес. Табиғатта да, қоғамда да ол жалпы универсальдық өзгеріс, 
қозғалыстың бір моменті. Материяның болу формасын біз затпен 
шектейтін болсақ, онда бүкіл әлемдегі өзгерістерді ешуақытта түсіне 
алмаймыз.
Материалдық нәрсені біз оның идеалдық бейнесімен салысты- 
ру, олардың бір-біріне ауысу қатынастары арқылы ғана анықтай ала­
мыз. Онсыз біз материалдық пен идеалдық күбылыстарды бір-бірімен 
ажырата алмай қалуымызға болады.
Мысалы, идеалдық нәрсе деп жеке адамның психикасын ғана 
түсінетін болсақ, онда екінің бірінде біз идеалдық күбылысты мате- 
риалдық күбылыс деп, ал материалдық құбылысты идеалдық күбы- 
лыс деп ойлап қалуымызға болады. Материалдық нәрсе мен идеал - 
дық нәрсенің айырмашылығы козге бірден көрінетін, айдан айқын 
белгі емес. Неліктен олай? Оның себебі: жеке адамның ойлауы үшін 
сыртқьі заттар ғана емес, екінші адамның ойлауы да оған тәуелсіз 
нәрсе, ол да объективтік қүбылыс. “М ен” өз ойымда басқа адамдар- 
дың ойын да бейне лей аламын. Сонда басқа адамдардың ойы мен 
үшін идеалдық нәрсе емес, материалдық нәрсе болып түрады. Өйткені 
әркімнің ойлауы басқаларға заттық не материалдық формаға ауысуы 
арқьшы жете алады. Екі адам әңгімелескенде олардың ойы бір біріне 
дыбыс тілі арқылы дәнекерленеді. Жазу да сол ойды жеткізудің бір 
түрі. Театрдағы спектакль, скульптор жасаған мүсіндер, суретшінің 
суреті - олардың бәрі де объективтік формата енген біреулердің 
екіншілерге бағытталған ойлары, сезімдері т.т. Осы айтылған нәрсе- 
лерді біз заттық формасына қарап материалдық күбылысқа, мате- 
рияға жатқызсақ, ол үлкен қате болған болар еді. Олар - идеалдық 
қүбылыстар. Ө йткені суретш інің салған суреті, мысалы соған 
жүмсалған сыр мен бояулардың немесе кенептің табиғатын бейнелеп
141


түрған жоқ, олардан тыс, басқа бір болмысты бейнелеп түр. Мүндай 
заттардың қоғам өміріндегі функциясы өзін емес, басқа реальдық нәр- 
сені бейнелеу. Адамның психикасы да, әрине, осындай бейнелеудің 
бір түрі, бірақ бірден бір түрі емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет