Калибрлеу графигін құру әдісін қолданғанда график 5-7 стандартты ерітінділер бойынша құрылады. Олар үшін бірдей жағдайда полярограммалар алынады. Дәл осындай жағдайда зерттелетін ерітіндені полярографтан өткізеді де соңынан оны зерттейді.
Стандартты ерітінділер қолдану әдісінде алдымен зерттелетін ерітінді үшін полярограмма алынады, содан соң полярограмма концентрациясы белгілі зат үшін алынады. Анықталатын заттың ерітіндідегі концентрациясын мына формула бойынша табады:
Сх = Сст * һх / һст
мұндағы: Сх – анықталатын заттың концентрациясы, мкг/см3
Сст - стандарттық заттың концентрациясы, мкг/см3
һх, һст – анықталатын және стандарттықерітінділер үшін анықталған толқынның биіктігі, мм.
Үстінен қосу әдісі былай жүзеге асырылады.
Зерттелетін ерітіндіні анализден өткізеді де оның толқынының биіктігін һх анықтайды. Содан соң оған стандартты ерітіндіні толқын биіктігі екі есе ұлғайғанға (өскенге) дейін қосады. Үстінен қосылғанымен бірге ерітіндінің полярограммасын алады да һх-ст молшерін анықтайды.
Зерттелетін ерітіндідегі заттың концентрациясы С мына формула бойынша анықталады:
Сх = Сст * һх / һх-ст - һх
Бұл әдіспен хромат, иодат, молибдат, ванадат, хлорид тұздарын, сондай-ақ кадмий, қорғасын, хром, қалайы, цинк, никель, алюминий, темір және т.б. металдарды анықтауға болады.
Қазіргі кезде органикалық қосылыстарды, оның ішінде органикалық галогендер, альдегидтер, кетондар, хинондар, нитро- және нитрозоқосылыстырды анықтаудың полярографиялық әдістері зерттеп дайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |