Потенциометриялық зерттеу әдістері.
Потенциометриялық зерттеу әдістері ерітіндідегі иондардың белсендігін тікелей анықтау үшін (ионометрия), сондай-ақ титрлеу кезінде эквиваленттік нүктені анықтау үшін (потенциометрлік титрлеу) кеңінен қолданылады.
Тікелей потенциометрлеу кезінде әр түрлі металдардан жасалған 2 электродты олармен реакцияға түспейтін заттың ерітіндісіне ендіреді. Бұл жерде екі электрод арасында потенциалдар айырымы (Е) пайда болады. Эектр қозғалтқыш күшті (ЭДС) өлшеу үшін салыстыру электродын қолданады. Потенциометрияда хлор-күміс салыстыру электроды кеңінен қолданылады. Сонымен бірге камель және сурьмадан жасалған электродтар да қолданылады. Тура потенциометрияда (ионометрияда) шыны электродтары, мембраналық электродтар, сұйықтық, газдық және ферменттік электродтар қолданылады.
Тамақ өндірісі зертханаларында ерітінінің белсенді (активтік) қышқылдығын (рН) өлшеу үшін шыны электродтары кеңінен қолданылады. Шыны электродын қолданған кезде шыны құрамындағы сілтелік метардар иондары мен ерітіндідегі сутегі иондарының алмасуы пайдаланылады.
Соңғы жылдары ионтаңдағыш электродтар қолданылатын болды. Олар белгілі катиондар мен аниондарға қатысты сезгіштік білдіреді. Олардың таңдағыш мембранасы қатты (мыалы, шыны), сұйық (оганикалық комплектүзуші) материалдардан жасалуы мүмкін. Мембраналардың құрамыда иммобилизацияланған ферменттер немесе микроорганизмдер болуы мүмкін. Бұндай электродтар иондарға диссоциацияланбайтын күрделі органикалыққосылыстардың – дәрумендердің, гормондардың, антибиотиктердің концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.
Аналитикалық жұмыстарды орындау үшін рН-метрлер, ионометрлер қолданылады.
Потенциометриялы титрлеу рН бойынша эквиваленттік нүктені анықтауда негізделеді. Эквиваленттік нүктеге жақындаған кезде электродтың потенциалы кілт өзгереді.
Қарастырылған әіс жоғары дәлдік, сезгіштікпен сипатталады және индикаторлық әдіске қарағанда аз концентрациялы ерітінділерді зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл әдіспен бірнеше заттарды оларды бөліп шығармай-ақ анықтауға, тұнбесы бар (мутный) және боялған ерітінділерді зерттеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |