Лекция 4. Шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістері туралы түсінік. Көлемдік зерттеу әдістері.
Қазіргі Қазақстанда сапа мәселесі және бүкіл мемлекеттік сапаны басқару жүйесін құрумен байланысты мәселелер өзекті болып табылады. Қазақстан экономикасын дамыту отандық тауарлардың жоғары сапасы мен қасіпсіздігін қамтамасыз ететін, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, ішкі және әлемдік нарықта тұтынушылардың құқықтарын сақтаумен тығыз байланысты. Осыған орай, шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістерін игеру және қолдана білу, сапаны сараптау өзекті міндетке айланады.
Қойылған міндетті орындау құралдарының ішінен тауарлардың сапасын сараптау ерекше орын алады. Бұндай сараптаудың мақсаты – тауарлардың сапасын зерттеу негізінде олардың тұтынушы үшін құндылығын анықтау. Сараптама жүргізу кезінде әр түрлі зерттеу әдістері қолданылады.
Зерттеудің көлемдік әдістері.
Зерттеудің көлемдік (титрометрлік) әдісі белгілі заппен реакция жүргізу үшін қажетті реагенттің көлемін өлшеуде негізделген сандық әдіс болып табылады.
Зерттеудің көлемдік әдістері нейтрализациялау, тұндыру, ион алмасу, комплек түзу, окисление-восстановление және т.б. реактиялар жүргізуде негізделеді. Бұл әдістер төмендегі шарттардың орындалуын қамтамасыз ету керек:
- реакцияға түскен заттар арасында стехиометриялық қатынастардың мұқият сақталуын;
- реакцияның жылдам және сандық деңгейде жүруін;
- зерттелетін сынамадағы бөтен заттар қосылған реактивпен реакция бермеуі керек, себебі – титрлеу дұрыс нәтиже бермеуі мүмкін.
Титрлеу ден зерттелетін ерітіндіге қанықпасы анық белгілі ерітіндіні біртіндеп қосу процесін айтады. Бұл процестің негізгі, көлемдік әдістің дәлдігін айқындаушы кезеңдерінің бірі болып титрлеудің соңғы нүктесін, яғни эквиваленттік нүктені анықтау табылады. Эквиваленттік нүкте көзбен, ерітіндінің, индикатордың түсінің өзгеруі, тұнба пайда болуы бойынша, немесе құрал қолдану әдістерімен (кондуктометрлік, потенциометрлік титрлеу) анықталады.
Титрдеу үшін массалық үлесі зерттелетін ерітіндінің 10-100 см3-ына 0,1-0,5 % құрайтын индикатор ерітіндісінің 1-3 тамшысын жұмсау жеткілікті болып табылады.
Титрлеу зат көлемін анықтау әдісі ретінде үш түрге бөлінеді:
- тура титрлеу;
- жанама титрлеу;
- кері титрлеу.
Тура титрлеу кең тараған және ыңғайлы титрлеу әдісі болып табылады. Зерттелетін заттың ерітіндісіне белгілі қанықпадағы жұмыстық ерітіндіні қосады.
Жанама титрлеу немесе алмастырғышты титрлеу тура титрлеу үшін қажетті реакция немесе индикатор болмағанда қолданылады. Бұндай жағдайда зетррелетін затты басқа заттың эквиваленттік мөлшерімен алмастырады да титрлеу реакциясын жүргізеді.
Кері титрлеу тура титрлеу мүмкін емес болған жағдайда немесе зерттелетін зат тұрақсыз болған жағдайда қолданылады. Бұл жерде 2 жұмыстық ерітінді алынады, оның біреуін мөлшерін арттырып қосады және екіншісімен біріншісінің артық көлемін титрлейді.
Зерттелетін заттың массалық үлесін Х (%) жұмыстық ерітіндінің массалық қанықпасы арқылы мына формула бойынша анықтаййды:
X = 100 VCM/1000 m
мұндағы:
V - титрлеуге жұмсалған жұмыстық етітіндінің көлемі, см3;
С – жұмыстық ерітіндінің мольдік қанықпасы, моль/дм3;
М – зерттелетін заттың мольдік эквиваленттік массасы, г/моль;
m - зерттелетін заттың салмақтамасының массасы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |