Лекция 5. Физикалық зерттеу әдістері.
Кондуктометриялық зерттеу әдістері.
Тағам өнімдерінің сапасын автоматты түрде бақылау мүмкіндігі болу үшін заттардың әр түрлі еріткіштердегі электр тогын өткізу қабілетін (электр өткізгіштігін) зерттейді.
Кондуктометриялық әдістің 2 түрі кездеседі.
1. Ерітіндідегі заттың сандық мөлшерін анықтау үшін ерітіндінің электр өткізгіштігі мен оның концентрациясы арасындағы тәуелділік пайдаланылады;
2. Электр өткізгіштікті өлшеу жүйеде (ерітіндіде) өтетін химиялық процестерді бақылау үшін қолданылады.
Кондуктометриялық әдіс технохимиялық бақылауда төмендегі екі түрде қолданылады: тура кондуктометрия түрінде және колориметриялық титрлеу түрінде.
Колориметриялық әдіс жоғары дәлдікпен өлшеу мүмкіндігін ьереді. Сондықтан бұл әдісті сүт, ет және т.б. тамақ өнеркәсібі салаларында тағам өнімдерінің сапасын бақылаудың және технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде қолдануға болады.
Колориметриялық титрлеу үшін тұнбаға түсіру, бейтараптау (нейтрализация), комплекстүзеу (комплексообразование) және т.б. реакцияларді қолдануға болады. Бұл реакциялардың барысында эквиваленттік нүктеге жеткеннен кейін ерітінділердің электр өткізгіштігі елеулі түрде өзгереді. Эквиваленттік нүкте графикалық әдіспен анықталады.
Кондуктометрияның тағы бір түрі болып хронокондуктометриялық титрлеу әдісі табылады. Бұл әдісте жұмыстық титрленген ерітінді титрлеу жүргізілетін ыдысқа біртіндеп құйылады және электр өткізгіштік пен уақыт арасындағы тәуелділік график түрінде тіркеледі. Графиктердегі сызықтардың сынған нүктелері эквиваленттік нүктелерді көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |