Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Аурудың “шартты қауiп-қатер”



Pdf көрінісі
бет172/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   296
Аурудың “шартты қауiп-қатер” деген түсiнiк медицинаға HLA 
антигендерiнiң ауруға бейiмдiлiгiмен немесе тұрақтығымен ассоциациялық 
денгейiн белгiлеу үшiн енгiзiлген. Соңғы жылдары, генотиптеуге өтудiң 
нәтижесiнде, DR4 нәруыздарды кодтаушы әртүрлi аллельдер өздерiнiң қарама-
қарсы 
көрiнiсiмен 
көрiнедi: 
аллельдiң 
бiр 
бөлiгi 
ауру 
дамуының 
ассоциациясының жоғары дәрежесiн игередi, ал басқасы болса протективтi 
болады. 
Нәтижесiнде 
бейiмделу 
аллельдермен 
ассоциацияланған 
салыстырмалы қауiпi 8 дейiн өстi.  
Иммунды факторлар токсикалық жемсаудың патогенезiнде де 
маңызды қызмет атқарады. Диффузды токсикалық жемсаумен ауыратын 
адамдарда В8, В35 антигендерiнiң көп кездесетiнi анықталды.
Гломерулонефрит кезiндегi HLA әртүрлi антигендерi аурудың 
әртүрлi қоздырғыштарымен байланысқан туралы мәлiметтер бар. Әдеби 
мәлiметтер бойынша HLA-В12 фенотипі бар адамдарда микробты 
этиологиялық нефрит дамиды, ал HLA-Вw35 антигендерi бар адамдарда – 
вирусты этиологиялық нефрит дамиды. Созылмалы гломерулонефрит 
зерттеулерi HLA: Вw35, В18, В8, В12 антигендерiнiң шектелген саны бар 
адамдарда осы ауруға генетикалық бейiмдiлiгi бар екенiн көрсеттi. 


189 
Әртүрлi зерттеулердiң негiзiнде HLA және iсiктiк ауруларының 
антигендерiнiң корреляциясын зерттеуi де жүргiзiлдi. Көптеген авторлар 
бұны iсiктердiң гетерогендiлiгiмен түсiндiредi. Бiрқатар зерттеулерде 
ракпен ауыратын адамдардың HLA-A локусының антигендерiмен 
ассоциациясы анықталған, ал басқа зерттеулерде HLA антигендерiнiң В 
локуста таралуы анықталды және т.б. мәлiметтер HLA iсiкпен 
резистенттiлiгi особьтың фенотиптiк резистенттiлiгімен байланысты екенiн 
дәлелдедi. Өйткенi особьтың гетерозиготалық жағдайы гомозиготалы 
особьқа 
қарағанда, 
оны 
популяцияда 
ыңғайлы 
биологиялық 
пластикалықпен қамтамасу етедi және селективтi басымдылықпен 
тiршiлiкке икемдiлiк бередi. Iсiк ауруларға индивидуумның резистенттiлiк 
денгейiн осы заңдылық анықтауы мүмкiн.
Әдеби мәлiметтер бойынша HLA-В7, В12 және DR2 антигендерi 
атопиялық аллергиялық реакциялардың болжам критерийлерi ретiнде 
қолданылатыны анықталды. Берiлген маркерлер шаң аллергендерiне 
жоғары сезiмталдыққа бейiмдiлiктi ғана көрсетедi.  
HLA антигендерiмен бронх демiкпе арасындағы байланысқа 
арналған зерттеулер өте көп. Кейбiр авторлардың айтуы бойынша HLA-А3 
антигендерiнiң кездесу жиiлiгi жоғары, ал жас кезiнде пайда болатын 
демiкпеде HLA-В35 жиiлiгi төмен болған. Сонымен қатар, бронх 
демiкпесiмен ауыратын адамдарда HLA-А9, В5, В40 антигендерiнiң 
жиiлiгi жоғары екенi анықталды.
Зерттеулер 
нәтижесi 
HLA-антигендерi 
мен 
аурулардың 
ассоциативтi байланыстары әрбiр HLA-аллоантиген популяцияға сәйкес 
патологияның 
барлық 
түрлерiнiң 
этиологиялық 
факторларына 
организмнiң сезiмталдық (тұрақтылық) дәрежесi туралы генетикалық 
информацияны тасымалдайтындығын көрсетедi. Бұл “HLA және 
иммундық жауап” бағытына жол ашты. Организмдегi әртүрлi HLA 
ерекшелiктерiмен әр антигендерге жоғары немесе төмен иммундық 
жауап байланысты.
HLA жүйесiнiң антигендерiнiң әртүрлi бөгде антигендермен 
корреляциясын иммунизация кезiндегi әртүрлi анатоксиндердiң антидене 
өндiруiне тәуелдi зерттеулер дәлелдейдi. Отандық әдебиеттiң мәлiметтерi 
антистафилотоксиндердiң жоғары титрi HLA-В17 және HLA-А1В13, 
А2В15, А2В13, А2В17, А2В7, А1В17 гаплотиптерiмен байланысты екенi 
анықталған. Қазақ популяциясында антиденелердiң стафилококкты 
анатоксинге иммундық жауаптың төмен денгейi HLA-А11, В17, В40 
антигендерiмен 
ассоциацияланған. 
Басқа 
мәлiметтер 
бойынша 
стафилококкты пневмониямен ауыратын адамдарда ағымының ауырлығы 
HLA-В17 және В21 антигендерiмен, ал қатерсiз ағымы HLA-В15 
антигенiмен 
корреляцияланған. 
Жиi 
ауыратын 
стафилококк 
тасымалдаушыларда HLA-В17, В41, DR3,7 антигендерi және HLA-А3В17 
гаплотип жоғары жиiлiкпен анықталған. Сонымен қатар, дифтерия ауруы 
және АДС-пен иммунизацияланған донорларда дифтерияға қарсы 
антитоксикалық антиденелердiң төмен денгейi орыс популяциясында HLA-
В21, қазақ популяциясында HLA-В12 және В21 антигендерiмен 


190 
ассоциацияланғаны көрсетiлген. Осы зерттеулердiң дифтерия ауруының 
“жоғары қаупi” тобын құру үшiн және қанның жоғары иммунды 
препараттарын алу мақсатымен жасанды иммунизацияға арналған 
донорларды сұрыптауда маңызды практикалық мәнi бар.
Басқа да авторлар менингит, iрiңдi-септикалық жағдайлар, 
шигеллез, хламидиоз, сальмонеллез, клебсиеллез, йерсиниоз кезiнде HLA-
В27 және HLA-В35 антигендерi бар адамдарда асқынулар көп кездесетiнiн 
және ауыр ағымда өтетiнiн анықтаған. HLA iрiңдi инфекциямен 
ассоциациялық байланысын талдау кезде iрiңдi микрофлораға иммунды 
жауаптың төмен болуы HLA-А11, В5, В15 антигендерiне байланысты екенi 
көрсетiлген. Сонымен қатар, пиоиммуноген егілген адамдарда иммунды 
жауаптың 
төмен 
денгейi 
HLA-А2, 
В7, 
В18 
антигендерiмен 
ассоциацияланғаны анықталған. Бұл зерттеулердiң барлығы “HLА–
иммундық жауапауру” байланысын көрсетедi.
Қазiргi кезде HLA және аурулар арасындағы байланыс зерттеу 
кезiнде иммундық жауапты реттеуде қызмет атқаратын HLA жүйесiнiң әр 
локустарының субтиптерiн анықтау өте маңызды болып отыр.
Сонымен, тiндiк антигендер мен патологияның арасындағы 
байланыс қалыптасу механизмдерiн, ең бiрiншi тiндердiң антигендiк 
құрамын бақылайтын локустардың генетикалық ассоциациясына жауапты 
және олар ауруларға организмнiң бейiмдiлiгiн көрсетедi. Сонымен қатар, 
аурудың дамуына «екiншiлiк факторлар да»: адамның ұлты, жынысы, 
сыртқы қоршау факторлары, тұру жерi, өмір сүру жағдайы, т.б. әсерiн 
көрсетедi. 
Бас гистосәйкестiк комплексiнiң антигендерi мен әртүрлi аурулар 
арасындағы 
ассоциациялық 
байланыстарын 
зерттеулер 
нәтижелерi 
практикада ауруды диагностикалау, дифференциалды диагностикалау, 
ағымын болжамдау және алдын алу кезінде қолдануға мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет