Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


HLA-антигендердiң аурулармен байланысуы



Pdf көрінісі
бет170/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   296
 
HLA-антигендердiң аурулармен байланысуы
Қазiргi кездегi иммунологияда және иммуногенетикада ауруларға 
генетикалық белгiлердiң қабылдаушылығы ең басты мәселе болып 
табылады. 
“HLA және аурулар” мәселесiн 2 аспектiге бөлiп қарауға болады: 
фундаменталды және қолданбалы. Фундаменталды зерттеулер - HLA-
антигендерi мен ауру арасындағы байланыстың механизмiн ашуға 
бағытталған. “HLA және аурулар” мәселесiнiң қолданбалы аспектiнде – 
клиникада диагностикалауда, дифференциалды диагностикалауда, ауруды 
алдын алуда (профилактика), ауру ағымының болжауында, емдеу 
тәсiлiнде, 
плазма 
донорларын 
белгiлi 
антигендермен 
жасанды 
иммунизациялау арқылы таңдауында маңызы үлкен.
Қазiргi кезде организмнің әртүрлi бөгде антигендерге жауап беруi 
және иммунологиялық реактивтiлiктiң денгейiнiң айқын генетикалық 
кодталуы және иммунды жауап лимфоидты жасушалар популяциясында 
түзiлетiнi дәлелденген. Яғни, генетикалық компонент тек организмнің 


187 
бейiмдiлiгiне ғана емес, сонымен қатар, аурудың ағымы мен нәтижесiне 
әсер етедi. 
Гистосәйкестiк антигендер жүйесiн зерттеу организм тiндерiнiң 
антигендерi адамдардың әр патологияға индивидуалды бейiмдiлiгiмен 
байланыс проблемасы зерттеушiлердi жаңаша қызықтырды. Адамның 
гистосәйкестiк жүйесiнiң байланысын ең алғаш рет Ходжкин ауруымен J. 
Amiel анықтаған. Осы жұмысы «HLA және аурулар» бұтағының дамуына 
әкелді.
HLA-антигендер әр түрлi иммунологиялық серпілістерде тiкелей де, 
тiкелей емес те қатысатыны анықталған. HLA әр ерекшелiгiмен бөгде 
антигенге қарсы не жоғары, не төмен иммунды жауабымен байланысты 
болады. HLA гендермен иммундық жауаптың екі бөлігі де (гуморалды 
және жасушалық) бақыланып тұрады. Мысалы, I класс HLA антигендерi 
Т-лимфоциттердiң цитотоксикалық серпілісінде, ал II класс HLA 
антигендерi – хелперлiк үрдістерде қатысады. Кейбiр зерттеушiлердiң 
нәтижесi бойынша төмен киллерлiк белсендiлiк HLA-А3 және В7 
антигендерiмен, ал жоғары - А2;В12-фенотипiмен байланысты екен. Т-
лимфоциттердiң аллогендiк стимулдауына жауап және ФГА бласттық 
трансформациялану төмендiгi HLA-А11, В27, В35 антигендерiмен, ал 
белсендi 
бласттық 
трансформациялану 
– 
HLA-А10, 
А9, 
В18 
антигендерiмен 
ассоциацияланған. 
Хелперлiк 
және 
супрессорлық 
жасушаларда беткерi орналасатын HLA-молекуласының маңызы зор. Олар 
иммунды серпіліс дамуында, iсiкке, инфекцияға қарсы иммунитетте 
“өзiнiң өзгерiстерiн” тану кезiнде айтылған жасушалардың белсену 
қызметiн реттейдi. 
HLA-антигендерiнiң аурулармен ассоциацияларын түсiндiретiн бiрнеше 
теориялар және қағидалар белгiлi. Соңғы уақыттағы жетістіктер – жаңа 
аурулар патогенезiмен байланысты гипотезалар ашылуымен байланысты. 
Қазiргi гипотезаға сәйкестi, аурулармен ассоциацияланған HLA-гендер 
ауруды қабылдаушы гендермен немесе аурудың бейiмдiлiгiн анықтайтын 
шынайы гендермен тіркескен локустардың маркерлерi болып табылады.
HLA-фенотиптерiн анықтайтын зерттеулердiң мәлiметтерi сау және науқас 
адамдардың иммунологиялық реактивтiліктiң жоғары және төмен болуын 
анықтаған. HLA-А1, В8, DR3 - фенотипi - иммундық жауаптың жоғары, ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет