Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет174/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   296
сезiмталдануы, 
екiншi 
рет 
салған 
тіндердiң 
айқын 
жылдам 
тұрақтамау серпілісін туғызады. 1945 жылы П.Медавар ғылыми 
баяндамасында трансплантат тұрақтамауы донорлық мүшелерiне 
қарсы иммунологиялық жауап арқылы жүредi және бұл үрдіс 
организмның генетикалық ерекшелiгiне байланысты деп, жариялады. 
Медавардың 
ұсынысы 
өзiнiң 
дұрыстығын 
дәлелдедi. 
Трансплантацияның маңызы – ол хирургтың тәжірибелiгi емес, 
иммунологиялық шабуылға кедергi келтiретiн трансплантациялаудың 
хирургиялық табыстары екен. Өзгерген өз жасушаларын анықтап жоятын 
жүйе тiкелей салынған тiндердегi бөгде жасушаларын айырып тану және 
жою қызметiн де атқарады. Ол жүйенi бiз иммундық жүйесi деп бiлемiз.
Трансплантациялық 
иммунология 
негiздерi 
салынған 
тiндер 
тұрақтамауының иммунологиялық негiздерiн түсiнуге арналған. Белсендi 
тәжірибелер арқылы иммундық жүйенiң активтігін басуға арналған 
жолдар және сол эксперименттер нәтижесiнде салынған тiндердiң табысты 
бiтiсуiне қолайлы әдiстерi iздестiрiлген. Көп кешiкпей иммунологиялық 
шабуылды басатын әртүрлi иммунды супрессиялы препараттар 
дайындалған. Медавардың 1945 жылдағы баяндамасынан дәл 10 жылдан 
кейiн, бiрiншi рет табысты түрiнде адамға бүйрек трансплантациясы 


192 
жасалған. 
Muchin 
1955 
жылы 
Hamburg 
клиникасында 
бүйректi 
реципиентке анасынан табысты ретiнде салған. Совет Одағында бiрiншi 
рет табысты бүйрек трансплантациясын 1965 жылы Петровский Б.В. 
өткiзген. Қазiргi кезде трансплантация дүние жүзiне кең тараған деуге 
болады. Бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе, сүйек кемегi және көздiң мөлдiр 
қабығын салуы қазiргi кезде өте зор жылдамдықпен және үлкен 
табыстармен өтуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет