Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ ИММУНИТЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет173/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   296
ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ ИММУНИТЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
Сұрақтың 
тарихы. 
Тұрақтамаудың 
иммунологиялық 
табиғатының тәжірибелік дәлелдерi. Трансплантат тұрақтамауының 
механизмдерi туралы қазiргi көзқарастар. Трансплантациялық 
антигендер. Тұрақтамау серпiлiсiнiң арнайылығы мен есте сақталуы. 
Жасушалық иммунитеттiң тұрақтамаудағы қызметi. Тұрақтамаудың 
уақыт мерзiмi. Тiндiк iрiктеу. Серологиялық HLA-iрiктеу және АЛД. 
Анти-HLA-антиденелердi анықтау. Иммунды супрессиялаушы емдеу. 
Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу. Арнайы иммунды 
супрессиялаушы емдеудiң жаңа тәсiлдерi. Трансплантат иесiне қарсы 
серпiлiс 
(ТИҚС). 
Клиникада 
мүшелер 
мен 
тiндердi 
трансплантациялау. Сүйек кемегiнiң трансплантациясы. Мүшелер 
трансплантациясының 
негiзгi 
жетiстiктерi. 
Айрықша 
орындар 
ағзаларының трансплантациясы. 
 


191 
Сұрақтың 
тарихы. 
Тұрақтамаудың 
иммунологиялық 
табиғатының эксперименталды дәлелдерi 
Иммунологияда қолданатын т р а н с п л а н т а ц и я термині бiр 
организмнен екiншi организмге жасушаларды, тіндердi және мүшелердi 
алмастыруды 
білдіреді. 
Көптеген 
түрлi 
трансплантациялардың 
хирургиялық әдiстерi бiздiң дәуiрде жетiлдiрiлген. Ғалымдар мүшелер мен 
тiндердi бiр индивидуумнан екiншi индивидуумға алмастыру сұрақтарына 
хирургиялық технологиялар көмегімен жауаптарды тапқан.
1902 жылы Венециялық хирург Ullman көрсетуi бойынша, бiр 
жануардан алып сондай ғана жануарға бүйрек алмастырып салғанда
бүйректiң қызметi қалпына келген. Ал бүйректi әр түрге жататын 
жануарлар арасында салған кезде, бүйректiң қызметi ұзақ уақытқа жетпей 
(5-14 күн) тоқтатылып, мүшенiң тұрақтамауы белгiленген.
Жануарлар арасындағы тәжірибелiк трансплантациялау 1920-1930 
жылдарында жалғастырылған, бiрақ әр-бiр талаптану әрекетi сәтсiз болып 
өткен. Ауыстырып салған мүшелер мен тiндерде ауқымды лейкоциттер 
шоғырлануы анықталған. 
1940 жылдың басында чех ғалымы П.Медавар, бiрнеше байқауы 
бойынша, ауыстырып салған тiндердiң тұрақтамауы иммундық жауап 
себебiнен өтетiндiгiн байқаған. II дүние жүзілiк соғыс кезiнде, П.Медавар 
күйген адамның денесiндегi терiсiн бiр жерден екiншi жерге салғанда
терiнiң бiтiскенiн байқаған, ал сол адамға туыстарынан салынған терi 
тұрақтамау үрдісіне ұшыраған. Реципиенттегi (тiн қабылдаушы пациент) 
аға-бауырынан салынған терiсi iстен шыққан және сол донордың (тiн 
берушi пациент) терiсiн екiншi рет салғанда, терi жамауы тез арада және 
жоғары жылдамдықпен iстен шығуы дәлелденген. Осы бақылаулар 
П.Медаварды жануарлармен тәжірибелерге және сол тәжірибелер арқылы, 
келесi дәлелге алып келдi: реципиенттің донор жасушаларына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет