Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Айрықша орындар ағзаларының трансплантациясы



Pdf көрінісі
бет192/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   296
 
Айрықша орындар ағзаларының трансплантациясы 
Ағзада иммунологиялық ерекше орындар бары белгiлi, онда туыс 
емес аллотрансплантация болғанда үйлеспеу серпiлiсi айқын емес түрiнде 
байқалған. Оларға - көздiң алдынғы камерасы, мөлдiр қабығы, жатыр, 
тестикула және ми жатады. Осы әр мүше кейбiреуiнде лимфа тамыры, ал 
кейбiреуiнде тiптен қан тамыры болмауымен өзгешеленедi. Әдетте 
салынған 
тiннiң 
аллоантигендерi 
реципиенттiң 
лимфоциттерiн 
сезiмталдандырмайды және салынған сон, бiтiсiп кетуi артады, тiптi HLA-
антиген сәйкестiгi болмағанның өзiнде. 
Мөлдiр қабаттың айрықша орналасуы, оны трансплантациялауға 
үлкен жетiстiктерге жеткiзедi. Мөлдiр қабықтың аллотрансплантациясы 
80% жағдайда оң нәтиже бередi. Бұл салынған тiндi салыстырмалы түрде 
аз HLA-антиген бар және ол қан тамырымен қамтамасыз етiлмеген, яғни 
алмастыру қан тамыры жоқ аймақта жасалынғандықтан, трансплантат 
сезiмталданған лимфоциттердiң әсерiнен қорғанады. Трансплантаттың 
қызметi қалпына бiртiндеп донор тiнiн реципиент тiнiне салғаннан кейiн 
жүзеге асады.
Ми - ол да айрықша жаратылған құрылымның бiрi болып табылады, 
ондағы орналасқан гематоэнцефалдық тосқауыл миға молекуланың енуiне 
және көптеген молекулалардың шығуына жол бермейдi. Қазiргi кезде адам 
миының бағаналы эмбрионалдық жасушаларын салу бәрнеше Паркинсон 
аурумен сырқаттанған науқастарға жасалынды. 
Осындай жағдайларда, иммунологиялық айрықша жерде иммунды 
жауап қалыптаспайды, өйткенi иммунолгиялық айрықша мүшелер 
иммунды жүйе жасушаларынан бөлектенiп, әрекетке түспейдi.
 
Мүшелер трансплантациясының негiзгi жетiстiктерi 
Клиникалық иммунологтардың ғылыми зерттеуi бойынша мүшелердi 
трансплантациялау көп жағдайда оң әсерiн көрсеткен. 1967 жылы бүйректi 
қондыруда 45 % өмiр жеңдiгi сақталған. 1990 жылдың басында бұл 
мүшенiң өмiр жеңдiгi 90 %-ға жеткен. Қазiргi уақытта тек АҚШ-да жыл 
сайын 10 000-ға дейiн жуық бүйрек трансплантациясы жасалады. Бауыр, 
жүрек, өкпе трансплантациясы да нәтижелi болды. Басқа да мүшелердiң 
(ұйқы безi және оның сегменттерi) трансплантациясы жасалған, бiрақ олар 
кең таралған жоқ. 
Қазақстан Республикасында трансплантация және жасанды мүше салу 
бөлiмшесi 
1978 
жылы 
мамыр 
айында 
Сызғанов 
атындағы 
эксперименталды және клиникалық хирургия ауруханасында ҚазҰИИ 
тұсында алғашқы рет жұмыс жасай бастады. 


210 
1979 жылы сәуiрде Қазақстанда тұнғыш рет өлiктен алынған 
донорлық бүйрек салынған, нәтижесi жақсы аяқтады. Содан кейiн өлiктен 
бүйрек салу трансплантациясы 2003 жылға дейiн орындалды, содан кейiн 
тiрi туыстан донордың бүйрегiн салуда жақсы жетiстiгiн бердi (анасынан 
баласына) және 7 бүйрек аллотрансплантациясы жасалды. Донорлық 
бүйрек салынған науқаста максималды өмiр сүру уақыты 13 жылдан асты.
1996 жылы қазан айында ҚР хирургия ғылыми орталығында СНГ-да 
Орта азиаттық аймақта алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 1994 
жылы ұйқы безi сегментiн аутотрансплантациясы тәжрибеге (клиникалық) 
енгiзiлдi, ол үшiн жаңа туған торай мен қоян көжегенiң безiнен алынған 
арас жасуша ксенотрансплантациясы өткiзiлдi.
Бұрынғы союзды республика кезiнде 1965 жылдан берi Мәскеуде, 
Санкт-Петербургте, Киевте, Бакуда және өзге де қалаларда бүйректi салу 
жүйелi түрде жүргiзiлiп келедi. Жалпы алғанда 5000-нан астам операция 
жасалынып, максималды түрде 20 жылдан аса өмiр сүрген реципиенттер 
бар. 
Жер жүзiнде әзiрде 470 000 бүйрек салынған, 5000 аса жүрекке 
операция жасалып, салынды (орта өмiр сүруi 15 жылға ұзарған), ал 70 000 
астам бауыр ауыстырылған (өмiрi 10 жылдан аса созылған), 4000 адамға 
тарта ұйқы безiнiң аллотрансплантациясы жасалынған (максималды өмiрi 
4 жылға дейiн ұзарған, 1000 өкпе салынған (өмiрi 10 жылға дейiн ұзарған) 
және де аш шектi салу мен мөлдiр қабықты салу өте көп өткiзiлген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет