Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Тх2 атопия патогенезiнде маңызды орын алатын ИЛ-5-тi өндіреді



Pdf көрінісі
бет200/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   296
Тх2 атопия патогенезiнде маңызды орын алатын ИЛ-5-тi өндіреді,
бұл цитокин (ИЛ-3 пен бiрге) эозинофилдердiң көбеюiн белсендiредi, олар 
атопиялық аллергиялық серпiлiстердiң маңызды қатысушылары. ИЛ-5 
эозинофилдердiң тiршiлiк қабiлетiн қамтамасыз ететiн арнайы фактор 
болып табылады. Көптеген зерттеулердің дәлелдеуi бойынша, шеткi 
қандағы эозинофилия атопиялық аллергияларға тән лабораториялық 
белгi болады деген. Эозинофилия мен ИЛ-5-тiң жоғары денгейi 
аллергиялық аурулар кездерiнде жиi кездеседi. 
Тх2 түзетiн ИЛ-4, ИЛ-10 және ИЛ-13 Тх2-нiң Тх1-ге тежеушi 
әсерiне ортақ болады. Бұл цитокиндер макрофагтарды және Тх1-дiң 
қызметiн тежейдi, соның iшiнде қабыну алды цитокиндерi өндiрiлуiн (ИЛ-
1, 6, 8; TNF-

, ФУМ) және макрофагтың ИЛ-12, Тх1-дiң IFN-

өндiруiн 
тежейдi.
Өз кезегiнде, макрофагтар және Тх1 мен өндiрiлетiн цитокиндер, 
бiрiншiден ИЛ-12 және IFN-

, Тх2-нiң түзiлуi мен қызметiн тежейдi
Атопиялық аллергиясы бар науқастарды емдеу үшiн -IFN мен ИЛ-12 
қайта қосылыстарын клиникада қолдану қадамы осыған байланысты. 
Атопиялық аллергиялық серпiлiстегi мес жасушалары


216 
мен базофилдердiң қызметi 
Мес жасушалары мен базофилдер атопиялық аллергилық
серпiлiстерде негiзгi нысана-жасушалары болып саналады. Бұл 
жасушалардың бетінде жасушаларға цитофилді иммуноглобулиндерге, 
әсiресе IgE-ге, арналған Fc-рецепторлары бар. Базофилдер қанда, ал мес 
жасушалары негiзiнен тiндерде орналасады. Әсiресе, олар сыртқы ортамен 
жанасатын мүшелерде - терiде, өкпеде, ас-қорыту жолдарында көп болады 
және бұл жасушалар антигенмен ынталандырғанда тез жауап бередi.
Мес жасушалары - әртектi жасушалар. Олардың ең кем дегенде екi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет