Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


бағытта жүреді: антидене түзетiн плазмалық жасушалар мен зерде



Pdf көрінісі
бет21/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   296
бағытта жүреді: антидене түзетiн плазмалық жасушалар мен зерде 
В-жасушалардың түзілуі.
Плазмалық жасушалар – антигенмен жанасқаннан кейiн жетiлген В-
жасушалардан түзiлетiн, қысқа өмір сүретін эффекторлы антиденетүзушi 
жасушалар. Плазмоциттердiң сыртқы мембранасында антигендерге 
арналған рецепторлар болмайды. Бұл жасушалар В-лимфоциттердiң 
дифференциялануының соңғы пiсiп-жетiлу кезеңi болып табылады. Бiр 
плазмалық жасушаның иммуноглобулиндi түзу қарқындығы 1 млн. 
молекула/сағ. жетедi. Белсендi антидене бөлу кезеңi біткен соң
плазмоциттер тіршілігін жояды.
Табиғи киллерлер немесе NK-жасушалары. Осы жасушалардың 
аталу себебі, (ағыл. natural killer-табиғи киллер) арнайы иммундық 
жауапқа тән, олар белгiлi бiр нысана-жасушалармен алдын ала 
жанаспай және антигенге тәуелдi дифференциялануының кезеңiн 
өтпей, оны ыдыратады.
Антигенді таныстырушы жасушалар 
Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы 
жасушалар (АТЖ) болып табылады.
АТЖ қызметi Т-лимфоциттерге АТЖ бетiнде орналасқан МНС 
гендерiнiң өнiмдерiмен байланысқан антигендердi өңдеуден және 
таныстырудан тұрады.
Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, 
дендриттік жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс 
жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий 


26 
жасушалары жатады. Макрофагтар, дендриттік жасушалар және В-
лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, 
себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.
АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10
5
дейін МНС молекулалары 
болады. Бір Т-лимфоциттің белсенденуі үшін, антигенмен кешен құрған 
осындай 200-300 молекуласы жеткілікті. 
Макрофагтар – бұл мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің 
жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның 
сарыуыз 
қапшығында 
және 
бауырда) 
түзіледі; 
сүйек 
кемігінде 
монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады. 
Қан лейкоциттерінің шамамен 5%-ын құрайтын моноциттер, қан 
айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейiн тіндерге түсiп, мөлшері 
моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетiн, тіндік макрофагтар 
популяциясын құрайды. Түзiлген тiндiк макрофгтар АТЖ қызметiн 
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет