Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет23/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   296
Молекулалық деңгей 
Иммундық жүйенің молекулалық негізін келесі макромолекулалық топтар 
құрайды: 
1. В-лимфоциттер түзетін иммуноглобулиндер (Ig) және олардың 
түзілуін реттейтін гендер. Антиденелер – гуморалдық иммундық 
жауаптың өнімі, сонымен қатар, олардың түзілісін шақыратын 
антигендерге арнайы әсер ететін глобулиндер. Бұл күрделі нәруыздық 
құрылымдар мономерлер немесе полимерлер. Иммуноглобулиндердің 
молекуласы қатар орналасқан екі тізбектерден тұрады: 2 ауыр – Н тізбек 
(ағыл. heavy - ауыр) және 2 жеңіл L (ағыл. light - жеңіл) тізбектен тұрады. 
Олардың құрылымдық бірлігі – домендер (тізбектік автономдық бөлігі). 
Иммуноглобулиндердің 5 класы бар: IgM, IgG, IgA, IgE, IgD.
2. Медиаторлар көмегімен иммунды хабарлы жасушалар иммундық 
жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және жүзеге асуына қатысады. Бұл 
медиаторларды цитокиндер деп атайды. Бұл антигендерге қатысты 
арнайылықтардан айырылған және гемопоэз, қабыну, иммундық жауап 
және 
жүйеаралық 
қарым-қатынас 
кезiнде 
жасушааралық 
коммуникацияларды 
туғызатын 
нәруыздық 
өнiмдер. 
Цитокиндер 
рецепторлық механизм негiзiнде әсер етедi. Олар шамадан тыс артық 
өндiрiлуiмен және компоненттердiң күштi әрекеттесуiмен (бiр қызметi 
әртүрлi цитокиндермен қамтамасыз етiледi) сипатталатын жүйенi 
(цитокиндiк тор) құрайды.
Т-лимфоциттер 
субпопуляциясымен 
түзiлетiн 
цитокиндердi 
лимфокиндер, 
ал 
моноцитарлы 

макрофагалдық 
жүйелерiнiң 
жасушаларымен түзiлетiн цитокиндердi  монокиндер деп атайды.
3. 
Негiзгi 
гистосәйкестiк 
кешендерінің 
гендерi 
(Major 
Histocompatibility Complex – MHC-кешені, немесе адамдағы HLA кешенi - 
Human Leukocyte Antigens). Бұл гендердің өнімі ағзаның барлық ядросы 
бар жасушаларының бетiнде орналасқан. Олар антигендердi тануда және 
иммунологиялық серпiлiстердiң қалыптасуында маңызды рөл атқаратын 
гистосәйкестiк антигендерi – гликопротеидтердiң түзiлiсiн бақылайды. 
HLA-комплексiнiң гендерi кейбiр цитокиндер мен комплемент жүйесiнiң 
және пропердин жүйесiнiң нәруыздарының түзiлiсiн бақылайды. 
МНС 
нәруыздары 
– 
иммуноглобулиндер 
мен 
Т-жасушалар 
рецепторларынан басқа, ағзаның барлық нәруыздарының iшiндегi алуан 
түрлi нәруыздары. Антиденелер және Т-лимфоциттердiң рецепторлары бiр 
ағза iшiндегi лимфоциттердiң әр клонында әртүрлi болады, ал МНС 
нәруыздары әр адамда әртүрлi. МНС нәруыздарының негiзгi үш түр класы 
белгiлi. Олардың екеуi – I және II класы антигендердi тану үрдiсiне 
қатысады.
МНС нәруыздарының I-шi клас молекулары екi полипептидтi 
тiзбектен – үлкен -  (ол мөлшерi бойынша IgG-дiң ауыр тiзбегiне сәйкес 
келедi) және кiшi - -тiзбегiнен тұрады. МНС нәруыздарының I-шi клас 


28 
молекулары ағзадағы барлық жасушалардың бетiнде кездеседi, тек 
эритроциттердiң бетiнде болмайды. 
МНС нәруыздарының II-шi клас молекулары да екi полипептидтi 
тiзбектен ( және ) тұрады, бiрақ екi тiзбектiң мөлшерi бiрдей 
(иммуноглобулиндердiң жеңiл тiзбектерiнiң мөлшерiндей). Олар бiрқатар 
жасушалардың бетiнде ғана кездеседi, ең алдымен, В-лимфоциттердiң, 
моноцит-макрофагтардың, 
дендриттiк 
жасушалардың 
және 
мамандандырылған эпителий жасушаларының бетiнде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет